Жаңа вокзал: алғашқы жыл жетістігі
Жаңалықтар
29.12.2017, 16:33
Астанадағы жаңа «Нұрлы жол» вокзалы кешені биыл бірінші рет Жаңа жылды қарсы алғалы отыр. Жаңа жылды жақсы қарсы алуға вокзал кешені ұжымының ықыласты екенін нысанның сыртқы және ішкі аумағында көздің жауын алар түрлі әшекей-ойыншықтармен безендірілген биік-биік шыршалардың бой түзегенінен байқайсың.
Осыдан алты ай бұрын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында есігін айқара ашқан вокзал кешені аз уақыт ішінде атқарған жұмысы ауқымды, жетістігі мол. Бірінші кезекте, ТМД елдерінде аналогы жоқ, заманауи темір жол вокзалы кешені жобасы жыл сайын өтетін Дүниежүзілік архитектура фестиваліне қатысып, 400 финалға қатысушылар қатарынан табылғанын айтып өтейік.
«Нұрлы жол» архитектуралы «Оскар» деп те аталып кеткен WAF-2017 фестивальінде «Көлік» аталымы бойынша ұсынылды. Бұл шара қарашаның 15-17 күндері Берлинде өтті. Мәртебелі аталымға үміткерлер тізіміне ілігу үшін қатаң іріктеу жүргізілді. бұл аталым бойынша «Нұрлы жолдан» басқа әлемнің озық инфрақұрылымына қатысты 13 жоба ұсынылды» дейді Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешенінің директоры Дінмұхамед Құсайынов.
Бүгінде жаңа вокзалдан ел аймақтарына соңғы үлгідегі «Тальго» пойыздары қатынайды. 105 мың шаршы метрді құрайтын, алты қабаттан тұратын ғимаратты көрген жан ғажап деп таң өалып, таңдай қағады. Пойыздар үшінші қабатқа келіп тоқтап, сол жерден жолаушылар мініп-түседі. Ал вокзалдың жабық перроны қолайсыз ауа-райынан қорғайды. Төртінші қабатта күту залы, анықтама бюросы, билет кассалары орналасқан. Бесінші қабатта түрлі дәмханалар, мейрамхана бар. Келешекте «Нұрлы жол» қалалық автокөлік жұмысын оңтайландыра отырып, көліктік-жолаушылар хабын құрмақ. Олай дейтін себебіміз, жаңа вокзал кешені елораданың іскерлік орталығына жақын орналасқан. Бұл өз кезегінде қалалық автокөлік қозғалысы жүктемін мейлінше төмендетіп отыр. Атап өтерлігі, жолаушылардың вокзал ғимаратына тез және қолайлы жетуі үшін, 10 көшені қиып өтетін ұзындығы 2,5 километрлік подъездік эстакада жүргізілген. Вокзалға он шақты қалалық автобус бағдарымен және ресми қалалық «Астана такси» көлігімен жетуге болады. Ал алдағы жылы ғимаратқа жеңілрельсті көлік жүргізіледі деп күтілуде.
«Нұрлы жолдың» тағы бір артықшылығы, мұнда ультразаманауи жабдықпен ерекшеленген тегін паркинг жұмыс істейді. Вокзалдағы екі деңгейлі жабық тұрақта 740 көлік-орын болса, сырттағы тұрақ алаңында 489 көлікке орын бар. Мұнда көлікті іссапарға кеткенде тастап кетуге болады, ал келгенде оны дін аман алып кетесің. Автотұрақ заманауи тұрақ жабдықтарымен және ақпараттық-навигациялық құралдармен, жабдықталған.
«Қауіпсіздік – басты ұстаным. «Нұрлы жол» аумағында 16 тексеру пункті орналасқан. Вокзал бейнебақылаудың интеллектуальды жүйесімен жарақтандырылған. 510 жуық камера периметрі бойынша және ғимарат ішінде орналасқан. Вокзал қызметкерлері профайлинг тәсілі бойынша оқытудан өтті. Оқу барысында қылмыскерлер тұлғаларды тез анықтау және олармен сөйлесу тәсілдері үйретілді» дейді «Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешенінің директоры Дінмұхамед Құсайынов.
«Нұрлы жол» вокзал кешенінде қазақ, орыс тілдерін жетік білетін мамандар ғана емес, ағылшынмен қоса қытай, түрік, неміс, және француз тілдерін жақсы меңгерген мамандар жұмыс істейді. Ал келер жылды темір жол вокзалы кешені жақсы бастамамен бастағалы отыр.
«Нұрлы жол» вокзал кешені келер жылдан бастап жолаушылар ағынының үлкен өсімі күтіліп отырғандықтан пойыздар қозғалысының жаңа кестесінің енгізілетінін, соған орай 16 бағытқа қатынайтын қосымша 8 жұп пойызбен толықтырылуы жоспарланып отырғанны қуана хабарлаймыз», – дейді вокзал кешенінің бастығы.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты