Ашық есік күні – құқықтық шара   

Жаңалықтар
29.12.2017, 16:38
Семей ЖТ бөлімшесінде  салалық кәсіподақ ұйымының және көлік прокуратурасының ұйымдастыруымен ашық есік түріндегі қоғамдық қабылдау шарасы болып өтті.  Жол дистанциясының мәжіліс залына жиналған теміржолшылар толғандырған сауалдарына заң тұрғысынан жауап алды.  Басқосуды ашқан Семей бөлімшесінің бас инженері жиынның негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталып, сөз кезегін Семей көлік прокуроры Медет Несіпбекке берді. Ол өз сөзінде теміржолшылардың барлық сауалдарына ҚР Конституциясының нормаларына сай тұжырымды түрде жауап берілетінін жеткізді. Жалпы, ашық есік түрінде өткізілген аталмыш шара ҚР бас прокуроры тапсырмасына сай ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.  Шара барысы тек еңбек қатынастары, зейнетақы мәселелері тұрғысындағы сұрақтардан ғана емес, тұрмыстық сауалдардан да тұрды. Сонымен қатар, Семей көлік прокуроры мен оның орынбасары барлық сала бойынша, атап айтсақ, қосымша жәрдемақы мен өтемақылар рәсімдеу, жылжымайтын мүлік мәселелері төңірегіндегі сауалдарға да  жауап қайырып, консультациялық кеңес берді. Десекте, теміржолшылар тарапынан қойылған сауалдар негізінен еңбекті қорғау мен түрлі өтемақылар, еңбек қауіпсіздігін сақтау, зейнеткерлікке шығу мен ұжымдық келісім шарт аясында, қызмет барысында туындайтын проблемалық мәселелерге көбірек арналды.  Салалық кәсіподақ комитеті ұйытқы болған шара теміржолшылар үшін құқықтық сауаттылыққа негіз болғаны анық.

Қуаныш Қожаев, Семей

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты