Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі жылды жақсы қорытындылайтынына сенімді. Әзірге, 11 айдың қорытындысына сүйенген өңірдің бас теміржолшысы Мағауия Амантайұлы жүк тиелімі үш миллионға жақындағанын жеткізді.    «Жүк айналымы 11 айда 107 пайызға орындалып отыр. Жылдың аяқталуына санаулы күн қалды, дегенмен алдын ала қорытынды жасай беруге әбден болады деп ойлацмын. Жүк тасымалы 120 пайызға орындалды. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері, яғни осы 11 айдың ішінде  2 700 000 мың тоннадан астам жүк тиелген екен, оған тағы бір айдың көрсеткішін қосыңыз», - деді бөлімше директоры Мағауия Оразқұлов. Бөлімше басшысы   сонымен бірге, өңірдегі рельсарқалық зауыты жұмысындағы жетістіктерді де мақтаныпшпен жеткізді. «Ақтөбе рельсарқалық зауыты былтыр 12 айда 70 мың тонна рельс өнімдерін шығарыпты. Биыл жыл аяқталып үлгермеді, соның өзінде 120 мың тонна рельс шығарғанын ауыз толтырып айтуға болады. Оның ішінде 8 мың тонна рельс Ресейге жеткізілді. «РЖД» компаниясы мен  «ҚТЖ»  арасындағы келісім бойынша  қазақстандық рельстер көрші елге де экпорттала бастады», - деді Мағауия Амантайұлы.  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы алға қойып отырған тапсырмаларды ойдағыдай орындау жолында тер төгіп жатқан аймақ теміржолшылары   жаңа жылда ешқандай қарызсыз қарсы алып оытрғандарына қуанышты.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе