Теориядан тәжірибеге дейін
Жаңалықтар
05.01.2018, 11:54
Достық вагон пайдалану депосында техникалық оқуға ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, тек теория мен тәжірибе бірге әрекет еткенде ғана сапа пайда болатынын оқу жөніндегі нұсқаушы Қанат Машарипов әрбір жұмысшының санасына сіңіргенді қалайды.
Оның пікірінше, көлік саласлында нашар дайындалған маман апаттық жағдайларға себепші болуы әбден мүмкін. Қанат қашан да алға ұмтылатын маман. Өндірістің тәжірибеден бөлек оның педагогтық біліктілігі де жоғары. Ол әрбір сабағын қайталанбастай қызықты етіп, мысалдар келтіріп өткізуге тырысады. Сонда тыңдаушының есінде сақталып қалары анық.
Еңбек жолын Достық станциясында вагондарды ауыстыру пунктінде слесарь болып бастаған ол вагон шаруашылығында бірде бір ұсақ бөлшекті назардан тыс қалдарымай өз ісін жетік меңгеріп, біліктілік арттыру курстарынан өтіп, іздену арқасында аз жылда үздік маманға айналды. Кейін жөндеуші-қараушы болып ауысқанда да бұл жұмысы оған өз мамандығын одан әрі терең біліп, кәсібін жақсы меңгеруге мүмкіндік берді. Мықты теориялық білім мен бай тәжірибе өз нәтижесін беріп, 2014 жылы Қанат оқу жөніндегі нұсқаушы болып қызмет ауыстырды. Мақсаты - өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, жүк және жолаушылар вагондары паркі жағдайын қырағылықпен бақылау міндетім деп білетін мамандар оқытып шығару.
Оның дәрістерінің тақырыбы сан алуан. Оның ішінде, вагон шаруашылығында кең таралған букс торабының бұзышылығын анықтау тақырыбын Қанат үнемі түсінікті етіп түсіндіріп, тыңдаушылар үшін тақырыпты кеңінен талқылайды. Вагон қараушылардың өзара пікір алмасып, өз ойларын айтуына жол ашады.
– Маған жас мамандардың депоға шын мәнінде өз бетінше жұмыс істеу үшін келді ме немесе өз қалаулары болмаса да ойда-жоқта келе салған ба, соны білу қызық. Біздің жұмысымыз қашан да нақтылықты, төзімділікті, әрине, сонымен бірге мамандығыңды жақсы көруді талап етеді. Теміржолдың өзіндік ережесі, ұстанымы бар, жоғары оқу орнын тәмамдаған бір дипломның иесі болу ештеңе шешпейді, «оқы, оқы және оқы» девизімен күн сайын білім жетілдіру қажет, сонда ғана сен білікті теміржолшы боласың, - дейді Қанат.
Нұсқаушы Машарипов сонымен қатар, жаңа жобалар мен техникалық жаңашылдықтар жасауға да белсене қатысады. Биыл ол, мысалы айналма жеңдерді нығайту бойынша рационализаторлық ұсыныстың авторы ататнды.
Әріптестері оны кәсібилігі және адамгершілік қасиеттері үшін сыйлайды. Оның тек қана теория мен практика, яғни білім мен тәжірибе ғана мақсатқа жеткізеді деген ұстанымымен бәрі келіседі.
Елена ҚОЛДАСБАЕВА, Алматы
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл