Түлкібаста қыс қатты...
Жаңалықтар
05.01.2018, 11:59
Қазақстен темір жолы бойынша бұрылысы мен қиылысы көп жол дистанциясы екеу болса, соның бірі – Түлкібас жол дистанциясы екені белгілі.
Шымкенттің шекарасында болғанмен, Жамбыл жол дистанциясына қарайтын түлкібастық жолшылар басқа өңірлерге қарағанда қыс бұл жерде қатты болатынынын айтады. Атақты Шақпақ асуы да осы төңіректе. Ойлы-қырлы таулы аймақтың қысы қатал, жазы салқын болып келеді екен. Қыста қары, көктем мен күзіндегі жауын-шашыны мол өңірде жолдың бабын жасау да оңай емес екен.
Түлкібастық жолшылар басталғалы қардан әзірге қиындық тумағанын, былтырғыдай қалың қар әлі жауа қоймағанын айтады. Көктерек бекеті мен Жамбыл станциясының арасындағы 267,3 шақырымға созылған дистанция бойында 12 станция орналасқан. Ал қар жауғанда ең алдымен бұрмалар қардан тазартылмаса, пойыздар кестесіне нұқсан келеді. Қаншама жолаушылар жолдан қалып, жүк вагондары тоқтап қалады. Сондықтан, осы аралықтағы 223 жиынтық бағыттағыш бұрманы дер кезінде тазартып отыру үшін 200-ге жуық жолшы адуынды Шақпақ желінің ақ түтек боранында дамыл таппайды.
Екі облыстың ортасын жалғайтын болат жолдың 123,0 шақырымы бұрылыс жолдарға жатады. Түзу жолдарға қарағанда қиындығы көп бұрылыс жолдардың саны таулы өңірде көп, 289 дананы құрайды екен. Түлкібастан бастап, 115 разъезд, Абайыл, Шақпак, Боранды, Сұрым, Күркіреусу, Маймақ, Жуантөбе, Шөлдала, Құмшағал атты станцияларындағы 13 айналым жолдарын күтіп ұстау да оңай емес. Қысы-жазы бар салмақ 13 жол шебері мен отызға жуық бригадирге, 143 жол монтеріне түседі. Оған қоса он көпір шебері мен 24 ақаутапқыш операторлары жолшыларға көмектесіп отырады.
– Былтырлары қар қалың түскенде қар тазалайтын екі «СДПМ» машинасымен 4 маман үздіксіз жолды аршитын. Біздің дистанция бойынша қауіпті аймаққа Боранды бекеті, 115 разеьезд, Абайыл, Шақпақ станциялары жатады. Өткен жылы Шақпақта қардың қалыңдығы 1 метрге жеткен. Биылғы желтоқсанның бірінде қар жауғанмен, борап қатты әлекке салмады. Сондықтан, 40-қа жуық жолшы қол күшімен тазалады. Екінші рет 8-9 желтоқсанда қар жауып, 60-қа жуық жолшының көмегімен аршылды. Әлі қар тазалайтын машиналардың көмегіне жүгінген жоқпыз. Өйткені, қар жылдағыдай жолды жауып қалған жоқ, - дейді отыз жылдық еңбек өтілі бар дистанция диспетчері Бірлік Қазмағамбетова.
Мұндағы жол жайын бес саусақтай білетін маманның бірі – Әлішер Дадабаев. 1984 жылдан бері жолшы, бригадир, жол шебер қызметтерін атқарған ол бүгінде кадр бөлімін басқарады. Әлішер Нәжмидинұлы 1969 жылы қалың қар жауғанда Түлкібастағы ақ ұлпаның биіктігі үйдің қабырғасына жетіп, пойыздар жүре алмай қалғанын айтса, жастар сенер-сенбесін білмейтін көрінеді. Қазір де мәз емес, бұрқасындатса бір сәтте жолды жауып тастайды. Екі-үш жыл бұрын дистанцияның орталығын Түлкібастан көшіру жайлы әңгіме шыққан-ды. Кейін дистанцияны Шымкентке біріктірсе, кеңселері 70 шақырым қашықтағы облыс орталығында болатындықтан тиімсіздігі байқалған. Өйткені, мұндағы телімнің ұзындығы Жамбылға дейін созылып жатыр. Жалпы, бұл мәселе алдағы уақытта қозғалса да дистанцияны Түлкібастан жылжытудың еш реті жоқтығын айтады байырғы жолшылар.
Динар МЕЙІРМАН
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл