Алғыс алған Алтынай

Жаңалықтар
05.01.2018, 12:09

Алматы қаласында туып-өскен Алтынай теміржолшылар отбасында тәрбиеленеді. Бала кезден «Құрметті теміржолшы» деген атағы бар атасын үлгі тұтып өскен бойжеткен, әрине  мамандық таңдауда қателескен жоқ. М.Тынышпаев атындағы Көлік академиясына оқуға түсіп  қызыл дипломмен тәмамдайды. Тек қана оқып қана қоймай ғылымға да көңіл бөлген бойжеткен, түрлі басылымдарға ғылыми мақалалар жазып, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндама жасайды. Білімін арттыру мақсатында магистратурада оқып, оны да үздік аяқтайды.  Қос дипломын құшақтап Алатаудан  Арқаға қоныс аударады. Ең алғаш еңбек жолын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ» – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Еңбек қауіпсіздігі және экология басқармасында бастайды. Сауатты да, жауапты кадрды бағалай білген басшылық  2014 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Техникалық басқармасына менеджер етіп тағайындайды. Осылай, қабілетін шыңдап, қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысып, Ұлттық компанияның бір кірпіші болып қаланып келе жатқан Алтынай жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін республикалық форумның да жандануына үлес қосқаны үшін жаңа жыл қарсаңында басшылық тарапынан Алғыс хат алды. –Біз осы жылды жемісті қорытындыладық. Биыл еліміз үшін мерейлі жыл болды. Халықаралық көрмені де ойдағыдай өткіздік. Дәстүрлы форум да нәтижелі болды. Бүгінгідей марапаттар бізді одан сайын қанаттандырады. Алдағы жылда да жұмысымыз жемісті болып, компаниямыз өркендей береді деп үміттенемін, баршаларыңызға Жаңа жыл құтты болсын, – дейді  Алтынай Жатқанбаева.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ,

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл