Шығыста үскірік аяз...
Жаңалықтар
16.01.2018, 10:28
Ел шығысындағы теміржолшылар ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қауырт жұмыс қимылына көшті. Әйтсе де, күнделікті қызмет барысын ырғақтан шығарып жіберерліктей өзекті мәселелер туындаған жоқ.
Бөлімше басшысының бірінші орынбасары Ғабит Есқожановтың мәлімдеуінше, өткен аптада өңірдегі ауа температурасы кей жерлерде -37 градусқа дейін төмендеген, бүгінгі таңда да бірқатар аймақтарда үскірік аяздың беті қайтқан жоқ.
–Туындаған табиғи ахуалға байланысты қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында қырағылық, сақтық шаралары біршама арттырылды. Әйтсе де, теміржолшылар аузында «қыс шілдесі» аталып кеткен аязды күндер сала мамандарына кедергі туғыза қойған жоқ. Ал, Астана – Риддер бағытындағы Тальго пойызына байланысты туындаған жайтқа бірінші кезекте техникалық жайт себеп болды деп болжануда,– дейді ол.
Айта кетейік, бұл ретте суық вагондарда тоңған жолаушыларға семейлік теміржолшылар бірден көмекке келген. Дегелең мен Локоть станцияларына жеті вагоннан жіберіліп, дер кезінде көмек көрсетілді. Жылдам қимылдау нәтижесінде жолаушылар пойызы кестеден кешіккен жоқ. Кейбір азаматтар Тальго пойызына отырмағандықтарына шағымданғанмен, ешкім жолдан қалмаған. Ал, ақаулық шыққан пойыз шамалы жөндеуден өткізіліп, жанармай құйылған соң тексеру мақсатында зауытқа жіберілген.
–Күрт төмендеген ауа температурасына байланысты жүк және жолаушылар пойызының қозғалысына ешқандай кедергі келген жоқ. Барлық жылжымалы құрам кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Штаттық режим барысы сақталуда. Сол тәрізді жоспар аясында межеленген жүк тиеу, оның ішінде көмір тасымалы шаралары да ойдағыдай жүргізілуде, – дейді бөлімше басшысының бірінші орынбасары.
Теміржолшылардың Қаражыра көмірін уақытында жеткізулері нәтижесінде қазіргі күні қалада екі аптаға жетерліктей қара отын қоры бар екен. Аяздың күшіне мінуіне байланысты жаңадан тапсырыстар қабылдануда. Қазіргі күні бөлімшедегі теміржол нысандарының барлығы қатты отынмен толық қамтылған. Жол шаруашылығындағы қызмет те қалыпты. Аяз қайтқан соң қар сенбіліктері басталмақ. Бұл ретте пікір білдірген Семей магистральдық желі бөлімшесі басшылығы барлық міндеттер жоспарға сай жүргізіліп жатқанын айтады.
Демек, «қыс шілдесі» шығыстық теміржолшыларды қалыпты режимнен жаңылдырған жоқ, жылжымалы құрамдар жүріп жатыр, қауіпсіздік толық бақылауда.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл