Қаңтар қаһарына мінді

Жаңалықтар
16.01.2018, 10:59
 Биылғы қыс желтоқсанда жылдағыдан жайлы басталып, қаңтардың  алғашқы аптасында да ерекше мінез танытпаған еді. Алайда, осы апта ортасынан қыс  қаһарына мінді. Бет қаратпайтын қарлы боран солтүстік өңір, соның ішінде Елорда  халқының есін шығарып, Арқаның  қысы қандай болатынын еске салып жатса, теміржолшылар үшін «қармен күрес» науқаны басталды...     «Мұндай ауа-райын таңсық көрмейтін» теміржолшылар қытымыр қысқа арнап жасақтаған шараларын орындауға бір адамдай жұмыла кірісіп кетті.  Қар тазалайтын, жинайтын алып техникалар іске қосылып, үсті-үстіне төпеп жауған жолдың қарын тазаласа, Астана станциясымен бірлікте жұмыс істейтін құрылымдық мекемелер жұмысшылары, әсіресе, негізгі жауапкершілікті арқалайтын жолшылар қауымы тәулік бойына қармен күресуді  жалғастыруда. –Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түнде ауа-райының күрт бұзылуынан бізде дереу жұмысшы топтары құрылып, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Түннен бері екі техника жұмыс істеп жатыр. Қосымша локомотивтер шығарылды. Вагондар тежегішпен қосымша тағы да бекітілуде. Сұрыптау жолдары бірінші кезекте тазартылуда. Мұндайда жүк айналымы көрсеткіштері емес, ең бастысы – қауіпсіздік және еңбек қорғау жағдайы бірінші орынға қойылады. Алдымен жолаушылар пойыздарына ерекше көңіл бөлінуде. Одан кейін бос контейнерлердің вагондардан ұшып кетпеуі үшін мықтап бекіту жұмыстары жасалуда. Олардың салмағы аз, жел көтеріп алып кетуі мүмкін. Арнайы құралдар бар байлап бекітетін. Бұл біз көрген бірінші қыс емес. Дайын тұрған арнайы шараларымыз бар, соларды түгел іске қостық, – деді Астана станциясындағы қармен күрес жұмыстарын бақылауда ұстап отырған станция бастығы Ертас Бейісбеков.    Таңғы сегізде ұжымды жинап, осы жағдайға байланысты тапсырмалар берген станция бастығы әсіресе, ашық аспан астында жұмыс істейтін пойыз құрастырушылар, реттеушілер сынды теміржолшылардың жұмыс барысында аса абай болуын ескертті. Қарлы бораннан қадам жердегіні көру қиынға соққандықтан еңбек қауіпсіздігі күшейтілуде. Сонымен қатар қызметкерлер арасындағы биыл алғашқы қыстаушылармен жұмысқа мән берілуде. Олардың саны Астана станциясы бойынша осы жылы 26 адам. Астана станциясы сондай-ақ Елорданың жаңа вокзалының да жағдайына жауапты. Бір айта кетерлігі жолаушылар пойызы жыл басталғалы бұрынғы 22-ден 32 жұп пойызға артып отыр екен.   Ал Ірілендірілген Астана жол дистанциясының бас инженері Нұрлан Мұқатаевтың айтуынша, кешелі бері дистанцияға қарасты телімдерді қардан тазарту жұмыстарына 517 жолшы,  қар тазалайтын СМ 2, СМ 5, СМ 7 машиналары жұмылдырылуда. Олардың ішінде дистанцияның көліктік блогы мен ақаутапқыш цехының да қызметкерлері бар. –Қар тазалау жұмыстарын Астана-Нұрлы жол, Астана-Қырқыншы және Астана станциясы телімдері бойынша жүргізудеміз. Әрбір қар тазалау орнында екі адамнан кем емес жолшы болуын, міндетті түрде еңбек қауіпсіздігін сақтауды қадағалап тұратын бір артық қызметкердің тұруын бақылап отырмыз. Жұмысқа кіріскелі жатқан жолшыларға міндетті түрде осы қыс маусымындағы жұмыстарды жүргізуге арналған мақсатты нұсқаулықтар өткізілуде, – дейді бас инженер. Жолшылар мекемесінде биыл 100-ден астам алғашқы қыстаушы бар. Олар бұған дейін толық оқытылып, барлық сынақтардан өткен және бір-бір білікті маманға бекітілген. Рельс арасын арнайы техника тазаласа, болат жолдың техника қолы жетпейтін бойындағы тоқтамай жауған қарды жолшылар күрекпен жинау үстінде. Олар осылайша тәулік бойына ауысыммен шыға отырып, қармен күресті жалғастыра береді. Былтырғы сәттерді еске ала отырып, теміржолшылар  бұл «күрес» әлі ақпан айының соңына дейін жалғасады деп болжайды.     

Райхан РАХМЕТОВА

СУретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді
Әлемде
15.07.2026
Өзбекстан мен Пәкістан Трансауған теміржолы жобасын жеделдетуді талқылады
Жаңалықтар
15.07.2026
Қызылорда станциясында теміржол мүлкінің сақталуы мен қауіпсіздігі талқыланды
Инфрақұрылым
14.07.2026
Елімізде 754 шақырым жаңа теміржол желісі салынып жатыр
Аймақтар
14.07.2026
Теміржолшылар болашақ жүргізушілерді теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында санитариялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жаңалықтар
14.07.2026
ҚТЖ «Балаларды мектепке жинайық» қайырымдылық акциясын өткізуде
Цифрландыру
14.07.2026
ҚТЖ жүк тасымалын талдауға арналған отандық цифрлық платформаны іске қосты
Жаңалықтар
14.07.2026
Елордада көлік және логистика саласында ірі халықаралық форум өтті
Трансформация
14.07.2026
Магистральдық желіні дамыту бағдарламасынан не күтеміз?
Аймақтар
14.07.2026
Атырау вагон құрастыру зауытында жаңа ғылыми-сынақ орталығы іске қосылды
Аймақтар
14.07.2026
Әйтеке би станциясында астық тасымалы артқан
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
І топтағы мүгедектігі бар жандар теміржол билетін онлайн ала алады
ҚТЖ келбеті
14.07.2026
Әлмахановтар әулетінің ақтаңгері
Әлеумет
14.07.2026
Балалар жаз қызығына кенелуде
Жаңалықтар / Мұрағат
14.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №53 14 шілде 2026 жыл
Жүк тасымалы
13.07.2026
Жаңа сұрыптау жолдары Khorgos Gateway терминалының қуатын 48%-ға арттырды