Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары бұл жолы спорттың бадминтон түрінен өзара сынға түсіп, сайыс көрігін қыздырды. Бадминтон спорты теміржолшылар арасында жаңадан қалыптаса бастаған ерекше ойын түрі. Сондықтан да болар, спортшылар да, жанкүйерлер де мол жиналды. Ал, бақ сынаушылар қатарын негізінен бөлімшенің әуесқой волейболшылары құрапты. Барлығы 8 команда қатысқан бұл жолғы кездесуде ойын шарты бойынша қатысушылар екі үлкен топқа бөлінді. Яғни, 40 жасқа дейінгілер және одан жоғары жастағылар шеберлік байқасты.  Тартысты өткен ойындар барысы шиеленісті түрде өрбіп, біршама уақытқа созылды. Жанкүйерлер қиқуы да мол болды. Әйтсе де, жарыс қызығына берілген спортшылар мейлінше тартысты да қызықты ойын үлгісін көрсетіп,  өзара мықтыларды анықтады. Сонымен бадминтоннан өткен бөлімше біріншілігінің қорытындысы бойынша 40 жасқа дейінгілер арасында жалпы жиыны 15 ұпаймен ШЧ-29 командасы бас жүлдені еншілесе, екінші орынға 13 ұпаймен НЖС-6 командасы тұрақтады. Ал, Семей станциясының командасы үшінші орынды місе тұтты. Келесі кезектегі 40 жастан асқан ойыншылар арасындағы өрнекті ойын барысында ТЧЭ-24 мекемесінің бадминтоншылары бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға ЭЧ-18 командасы жайғасса, жүлделі үшінші орын тұғырына ПЧ-39 мекемесінің жолшылары көтерілді. Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен қатар, арнайы кубоктармен де марапатталды. Айта кетерлігі сол, семейлік теміржолшыларды ендігі аралықта қысқы спорт түрлері бойынша сайыстар күтіп тұр.

Қуаныш Қожаев, Семей