Арсен БАЙЗАҚ, Тараз
Жігіттер түсті жарысқа...
Оқуға 1 мин
Кәсіподақтар күніне орай Жамбыл жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлерінің арасында шахмат, дартс және үстел теннисінен жарыс өтті.
Спорт нұсқаушылары ұйымдастырған шараға қырық жастан жоғары қызметкерлер мен саланың ардагерлері қатысты. Ұлы ойшылдардың ойынына айналған шахмат ойынында «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан ұйымдастырылған республикалық жарыстардың жеңімпазы, еңбек ардагері, вагон пайдалану депосының зейнеткері Виталий Соколов тағы бір рет өзінің үздік ойыншы екенін дәлелдеп, жүлделі бірінші орынды иеленді. Ал екінші орынды Жамбыл вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Андрей Швалев иеленсе, үшінші орынға Жамбыл электрмен жабдықтау дистациясының өндірістік оқыту шебері Марат Құлбаев көтерілді. Дартста Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің қызметкері Бақыт Мамбетқұлов үздік шығып, бірінші орынды иеленді. Тараз оқыту орталығы директорының орынбасары Владимир Белоногов екінші, «ЖамбылРемСервис» ЖШС зейнеткері, еңбек және спорт ардагері Борис Комаренко үшінші орынды иеленді. Үстел теннисі де қызықты өтті. Мұнда Тараз оқыту орталығы директорының орынбасары Владимир Белоногов бірінші орынды иеленді. Ал «ЖамбылремСервис» ЖШС бригадирі Ислам Бейшенов екінші, осы серіктестіктің зейнеткері Ринат Өтешов үшінші орынды иеленді. Ойын соңында жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтар мен мадақтама қағаздар берілді.