Райхан Рахметова
Кезекті жобаны талқылады
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасы бойынша жобаларды түсіндіру, талқылау мақсатында өтетін ақпараттық күндер жалғасын табуда.
Бекітілген кестеге сай ақпараттық күндер бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ бойынша өткен болса, соңғы кезекті жиын Магистральдық желі дирекциясы бойынша ұйымдастырылды.
Бұл жолғы жиын «Негізгі қаражаттарды басқару үдерісі және енгізу тәсілдері» тақырыбындағы жобаға арналды. Шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаров және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының бас инженері Қайырбай Орынбаев бастаған жол, байланыс, элетрмен жабдықтау және тағы да басқа құрылымдық бөлімшелерінен өкілдер келіп қатысты. Оларға аталған жобаның бағыты туралы активтерді басқару тобының жетекшісі Заманбек Шопанов түсіндірді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда мүдделі тұлғалармен осы жоба бойынша түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Болашақта жоба арқылы жұмыс істейтін филиалдар мен еншілес мекемелер бүгінгі таңда оны жүзеге асыру жұмыстарына барынша белсенді жұмылдырылуда. Жоба жетекшісі – техникалық саясат және реттеу департаменті директорының орынбасары, бас менеджер Қанат Іздібаев болса, демеушісі – Ұлттық компанияның бас инженері.
–Бұл жоба мақсаты – технологиялық активтерді тиімді және нәтижелі басқаруды қамтамасыз ету үшін қажет мәліметтер, бағдарламалық қамтамасыз ету, ережелер, тиісті әдістер, негізгі құралдар тағы басқаларын басқарудың кешенді жүйесін енгізу. Ал пайдасы – компания тобында активтерді басқару үдерісін автоматтандыру және жүйелендіру, активтерді дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын құру, активтерді дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын құру, қаржылық болжамдар негізінде сату және басқа да сыртқы факторлардың өзгеруі бойынша активтермен қамтамасыз етудің жоспарын уақытылы түзету мүмкіндігіне қол жеткізу болып табылады, – дейді З.Шопанов.