Семейде қараусыз мал қамау «изоляторына» тоғытылуда

Жаңалықтар
19.06.2019, 12:06
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша желі бойындағы қараусыз мал мәселесі күн тақырыбынан түспей тұр. Шұғыл тежелу бойынша ағымдағы жылдың 5 айы ішіндегі көрсеткіш көңіл көншітпеуде...

Әсіресе, Дегелең – Жаңа-Семей телімі бойынша орын алған ахуал ерекше алаңдаушылық туғызды. Жуырда Семей магистральдық желі бөлімшесі басшылығы аталмыш телім бойынша бірнеше мәрте рейдтік шаралар ұйымдастырды. Соның ішінде желі бойына 500 метрдей жақын орналасқан 15 шаруа қожалығына жолығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, аталмыш бағыт бойынша қолға алынған бір жаңашылдық – олардан желі бойына қараусыз мал жібермеу туралы қолхат алынды. Оған басты себеп Дегелең – Известковый телімі аралығында тепловоздың ірі қарамен соқтығысуы болып отыр. Шығын келтірген мал иесі дер кезінде анықталып, айыппұл салынған болатын.

Осыдан соң теміржолшылар тәртіп сақшыларымен бірлесіп шұғыл шараларға көшуді қолға алды. Атап айтсақ, желі бойында қараусыз жайылған төрт түлікке арналған уақытша қамау «изоляторы» ашылып, қолға түскен қара мал осы «изоляторға» тоғытылыпты. Аталмыш шара бірден өз нәтижесін беріпті. Не бары бір ай ішінде 100-ден аса түлік уақытша оқшауланып, иелеріне қомақты айыппұл салынды. Биыл ғана қол жеткізілген бұл шаралар желі бойындағы теміржолшыларға біршама жеңілдік туғызуда. Себебі, ауа жайылған мал күрт азайған.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды