Қалпына келтіру ісінің қыры мен сырына қанық болдық...
Жаңалықтар
23.09.2016, 15:44
№41 Қызылорда қалпына келтіру пойызы ұжымы Түркістан мен Жосалы станциялары арасындағы 432 шақырымдық аумақтағы жылжымалы құрамның жолдан шығып қалуы немесе құрамдардың қақтығысы салдарын жоюға атсалысып, табиғи апаттар болып, шойын жол істен шыққанда темір жолдың түйіспелі желісін қалпына келтіреді.
26 адам қызмет атқаратын ұжымның 15 қыркүйекте Қараөзек бекетінде таң азаннан бастап кешкі сағат 18.00 дейінгі уақытта өткізген оқу-жаттығу шараларына газетіміздің Сыр бойындағы меншікті тілшісі ретінде қатысып, журналистік жұмысты қалпына келтіруші теміржолшы кәсібіне алмастырып көрген едік. Ұжым болатжолшыларымен бірге далалық жаттығуға қатысып, бір сәтке өзімізді нағыз теміржолшының орнында сезіндік. Әрине, кез-келген теміржолшының қызметін бірден меңгеру өзге саланың иелеріне оңай шаруа емес екендігі белгілі.
Бекетке жеткен бойда өз міндеттеріне кіріскен қалпына келтіруші теміржолшылардың арасынан пойыз басшысы, құрметті теміржолшы Марат Оспановтың өзі маған бүгінгі жаттығу барысында атқарылатын жұмыстарды сипаттап, ең бастысы қауіпсіздік шараларына сақ болуымды тапсырып, тәлімгерім болды. Басыма каска, кеудеме жилет, қолға қолғап, аяққа етік киген мен бір сәтте қалпына келтіруші болып шыға келдім. Оқу-жаттығу барысындағы практикалық сабақта қалпына келтірушілер технологиялық карта талабы бойынша ЕДК-1000/2, ЕДК-300/2 көтергіш краны 360 градуста бұру, рельс үстіне вагон-тележканы қою нормативі, жарамсыз халге ұшыраған жұп доңғалақты қауіпсіз және келесі келе жатқан пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмейтіндей бекетке жеткізуге мүмкіндік жасау секілді жағдайларда қалпына келтірушілердің дайындығы зерделеніп, тәжірибелерін арттыруға негізделіпті.
–Бүгінгі оқу-жаттығуда ЕДК көтергіш кранымен жұмыс жасау, пойыз құрамындағы Т-350.1-ЯБЛ бульдозер тракторын платформадан жерге түсіріп, оқиға орнын тегістеп қайта тиеу, жылжымалы құрамды тросс көмегімен тасып тартатын БТТ-1 тягачты вагон-гараждан түсіріп қайта тиеу, доңғалақ жұбының жүруге жарамсыз халінде «балансир-құрылғы» арқылы авариялық халге ауыстыруға қажетті гидравликалық «ХЕШ» жабдығын орналастыру секілді апат орын алған жылжымалы құрамның келесі пойызға кедергі келтірмеуін қарастыру, құрамды келесі перегонға дейін аман жеткізу шараларын жасайтын қалпына келтіру пойызы ұжымының негізгі жұмысы сараланды және де бізбен бірге осы жаттығуға газет тілшісінің қалпына келтіруші болып қатысуы ұжым мүшелерінің өз міндеттерін үлгілік нұсқада атқаруына өзіндік әсер етті, – деп түсіндірме жасады Қызылорда қалпына келтіру пойызының бастығы Марат Оспанов.
Жылжымалы құрамның қашан да амандығын тілейтін қалпына келтірушілердің жаттығуда тер төгіп шыңдалуы іс жүзінде «жеңілдікке» кепіл болатыны полигондық шеберлік жұмыстарында байқалғандай. Алып трактор мен көтергіш кранның қозғалысын игеру, рельст үстіне ауыстырылатын доңғалақ жұбын, вагон-тележканы белгілі уақыт ішінде дәлме-дәлдікпен қойып үлгеруге ұжым мүшелері әбден жаттықса керек, қимылдары шалт, әрекеттері сенімді болғандықтан жаттығу барысы айтарлық қиын болмаған секілді. Олардың арасында жүрген мен де тәлімгердің нұсқаулығын бұлжытпай орындауға тырыстым. Жаттығуды ойдағыдай өткізсем керек тәлімгерім тарапынан ескерту немесе өзге де шаралар жасалмағанына қуандым және де менің ондай нәрселер алмауыма ұжым мүшелерінің де көмегі тиді деп білемін. Дегенмен жаттығу алдындағы тәлімгерімнің өзіме және ұжым мүшелеріне арнап жасаған ауызша нұсқаулығында арқанды қолға орамау, тростың керілімінде, және тросты ілгенде белгіленген жерден ілу, белгілі қашықтықта тұру, көтергіш кранның айналым траекториясындағы сақтықты бұлжытпай орындау, іс-әрекет барысында аяқ астына абай болу, құрылғылармен, құрал-саймандармен жұмыс жасағанда техникалық қауіпсіздікке аса мән беру керектігі бірнеше мәрте қайталанып, ескертіліп, жылжымалы құрам мен қоса жұмысшының да амандығы баса айтылды. Бір күн бойы далалық оқу-жаттығу өткізген Қызылорда қалпына келтіру пойызы ұжымы белгіленген нормативтерді ойдағыдай өткізіп, кеш бата кері оралды. Жүздерінен шаршағандық байқалатын қалпына келтіруші теміржолшылар «жаттығуда шаршайық», тек жылжымалы құрамның оқыс жағдайға тап болуы болмаса екен деп телімдерден өтетін пойыздарда қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын, олардың барар нүктеге дін аман жетуін тілеп оралды.
–Егер де бөлімше бойынша «тосын жайлар» орын алмаған жағдайда үш айда бір рет қалпына келтіру пойызының 25 шақырымнан кем емес қашықтыққа дейін барып полигондық оқу-жаттығу өткізуі бекітілген. Осыған орай бүгінгі полигондық жаттығу өткізіліп жеке құрам мен ұжымның дайындығы пысықталып, көздеген мақсатымыз, жүктелген тапсырмалар орындалды, – деді пойыз бастығы.
Практикалық шыңдау жаттығуында Қызылорда байланыс және белгі беру дистанциясының теміржолшылары Бауыржан Өтегенов пен радиотеле оператор Сәкен Аяповтар дистанционды-динамикалы дауыс зорайтқыш «БРК-Гранит» құрылғысы арқылы тиісті НЖС-10 және ШЧ-39 мекемелерінің диспетчерлерімен байланыс орнатып, құзырлы органдардың жауапты тұлғаларымен хабарламалар алмасуға құрылғылардың жарамдылығы тексеріліп, жаттығуға пайдаланылған рациялардың іркіліссіз жұмыс жасауын бақыласа, Қазалы вагон пайдалану депосы теміржолшылары құрамның доңғалақтарының жайын, автоцепка құрылғысын, автотежегіштердің күйін бақылаудан өткізді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қараөзек
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады