Теміржолшылар топ жарды

Жаңалықтар
27.09.2016, 10:31
Оқуға 3 мин
Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтілетін «Еңбек күні» мерекесіне орай Астанада қала әкімдігінің, қалалық кәсіподақ орталығы және кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Еңбек жолы» байқауы өтіп, онда  теміржолшылар жүлделі орындарды иеленді.   Елбасының тапсырмасымен үш жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл мерекені атап өтудегі мақсат – қоғамдағы Еңбек адамының беделін арттыру, өндірістік еңбекті ынталандыру, жұмысшы кәсіптерін насихаттау, жастарды өндірістік салаға тарту, көпжылдық жұмысшы әулеттер дәстүрін  нығайту болып табылады.  «Үздік еңбек династиясы»,  «Жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» аталымдары бойынша байқауға қатысуға 50 өтінім келіп түсіпті. Соның ішінен, «Үздік еңбек династиясы» аталымы бойынша темір жол саласының еңбеккерлері – Мұқашевтар әулеті үшінші орынды иеленсе, «Тұлпар-Тальго» ЖШС шебері Қуаныш Мұқышев «Өндірістің үздік жас маманы» аталымында бірінші орынды жеңіп алып, асығы алшасынан түсті. Байқау соңында барлық жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.    Үздік еңбек әулеті атанған Мұқашевтар династиясының темір жолдағы еңбек өтілі 60 жылға жуықтайды. Отағасы Сәлімгерей Мұқашев – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік аймақтық филиалының жолсерігі, 22 жылдық еңбек тәжірибесі бар теміржолшы. Отанасы Гүлжамал Омарова – «Вагон сервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының жетекші аудармашысы, босатылмаған кәсіподақ ұйымының мүшесі, 29 жылдық еңбек тәжірибесі бар. Бірнеше рет Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, ақшалай сыйақысымен марапатталған.   – Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қандай да бір түсініспеушіліктерді жою, оның алдын алуда кәсіподақтың рөлі орасан деп айта аламын. Өйткені, қарапайым жұмысшылар арасында өздеріне тиесілі әлеуметтік жеңілдіктер мен құқықтық міндеттерге бей-жай қарайтындар бар. Сондықтан оларға көмектесіп, ортада жақсы қарым-қатынас орнатуға қызмет етуді өзіме міндет санаймын. Осындай қоғамдық істерге араласуым менің негізгі жұмысыма еш кедергі келтірмейді, – дейді ол. Ал ұлдары Рустам Мұқашев алты жылдан бері осы «Вагон сервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының заң кеңесшісі болып еңбек етіп келеді. Мұқашевтар әулетінің тума-туыстары да темір жол саласында еңбек етеді. Атап айтқанда, Тоқжұмановтар, Омаровтар, Есіркеповтер әулеттері – темір жолда тамырын тереңге жайып келе жатқан династиялар.   Ал үздік жас  маман Қуаныш – темір жолдағы қазіргі қызметіне бала күнгі техникаға әуестігінің арқасында келген. М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын Көлік, көліктік техника және технология мамандығы бойынша тәмамдаған ол, 2012 «Тұлпар-Тальго» зауытында слесарь болып қызметін бастаған. Сол жылы Испанияға оқуға жіберіліп,  вагон жинау, ішкі көрінісін реттеу жұмыстары бойынша білім алған. Кейіннен сапа бөлімінің маманы, былтырдан беру құрастыру цехының шебері қызметіне ауысыпты. Ол үшін қашан да сапалы қызмет және қауіпсіздік басты орында. Қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысатын жас,  зауыттың кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары. Бүгінде отбасын құрған, екі қыздың әкесі.  Осындай жүлдегерлерді марапаттаған қала әкімдігінің өкілдері олардың өмірі мен қызметін үлгі етерлік өнегелі жол деп атап өтті.  

Райхан Рахметова

 Суретті түсірген Александр Жабчук

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды