Кәсібі сайыс жеңімпаздары

Жаңалықтар
24.09.2019, 12:08
Оқуға 2 мин
Асел Танатарова

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – Жамбыл ЖТ бөлімшесі филиалы осымен үшінші жыл қатарынан мекемелер арасында байқау ұйымдастырып келеді. Байқау қорытындысы бойынша өндірісте үздік нәтиже көрсеткен екі жас теміржолшы алғашқы жылы Түркия елінде демалса, былтыр электровоз машинисінің екі көмекшісі Египетті аралап қайтқан.

Атап өтерлігі, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның республика бойынша 14 бөлімшесі болса, мұндай байқау филиал директоры Берік Ақшаловтың ұйымдастыруымен тек Жамбыл бөлімшесінде ғана өткізіліп келеді. «Мамандығының майталманы» деп аталатын кәсіби сайыс биыл вагоншылар арасында өткен. Бұл шараның ерекшелігі сол, оған тек 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. 7-8 адамнан құралған комиссия әділ шешім қабылдап, байқаудың шынайы өтуін бөлімше басшысы тікелей қадағалайды екен.

Биылғы байқауда 30 жас бағын сынаған. Үміткерлер алдымен теміржол саласы бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, екінші кезеңде өндіріс басына барып істәжірибелерімен бөлісті. Бұлардың өзі алдымен бөлімшеге қарасты Сарышаған, Шу, Луговой сынды станциялардан іріктеледі.

Конкурс тамыз айының соңында өткізіліп, 9-17 қыркүйек аралығында жеңімпаз деп танылған тараздық Рахман Құдайберген мен рысқұловтық Асхат Қарақожаев бір апта Дубайда демалу жүлдесін жеңіп алды. Күні кеше саяхаттан оралған екі теміржолшы бөлімше директоры Берік Сағымбекұлының қабылдауында болды.

– Екеуміздің де шетелге алғаш шығуымыз екен. Ел көріп, жер көрудің қандай керемет екенін сөзбен айтып жеткізу қиын. Бес жұлдызды қонақ үймен, ұшаққа билетпен, ассуымыз бен қыдыруымызға дейін қамтамасыз етіп берген басшылық пен кәсіподақ ұйымына үлкен алғысымызды айтамыз! Мұндай мүмкіндік кез келген ұжымда, кез келген маманға беріле бермейді. Бұл саяхат бізге үлкен мотивация сыйлады, алдымызға биік мақсаттар қойып, жұмысымызды бар ынта-жігермен атқаруға серпін берді. Ал Дубай жайлы айтар болсақ, оны әсіресе түнде тамашалаған керемет екен. Алдымен, әрине, Бурдж Халифа ғимаратын, түрлі-түсті, билейтін субұрқақтарды тамашаладық. Фуджэйра әмірлігіне де жолымыз түсті. Қандастарымыз елге дұғай-дұғай сәлем жолдады, – деп саяхатшы екі жас алған әсерлерін жарыса әңгімеледі.

– Біздің де көздеген негізгі мақсатымыз осы. Жастарға дем беріп, жұмыстарын ширату, биік белестерді бағындыруға ынталандыру, жол көрсету болатын. Бұл байқау бөлімшеміздің тарапынан бұдан кейін де ұйымдастырыла беретін болады. Тек бір ғана емес, екі бірдей жеңімпаз таңдауымыздың бірнеше себебі де бар. Ең бастысы, қанша дегенмен, алыс жол, жат жұрт болғандықтан қызметкерлеріміз бірбіріне серік болсын деген мақсат еді, – деп пікір білдірген Берік Ақшалов бұдан бөлек те, жалпы жас мамандарды ғана емес, қызметкерлердің бәрін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараларымыз жыл бойына жалғаса беретінін жеткізді. 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды