Атырауда үздік мамандар анықталды

Жаңалықтар
08.09.2020, 10:28
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде станция кезекшілері мен пойыз құрастырушылар мамандықтары бойынша жас мамандар арасында дәстүрлі «Жас үздік маман» аймақтық сайысы өтті. Сайыс мақсаты – жұмысшылардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру және мамандар құрамының еңбегін ынталандыру болып табылады.

«Жас келсе – іске» демекші, жастарды ынталандыруды көздейтін байқау талаптарына сай сайысқа 35 жасқа дейінгі кем дегенде бір жылдық өтілі бар және ешқандай тәртіптік жаза алмаған жас мамандар қатыса алады. Бөлімшедегі кадр бөлімінің менеджері Еркебұлан Бержановтың айтуынша, аймақтық жарысқа сондай біліктілік талаптарына сай деген өңірдегі 19 маман іріктеп алыныпты. Олардың бәрі де өз орталарында кәсіби білімі мен біліктілігімен көзге түскен, болашақта нағыз теміржолшы болып танылатынына күмән туғызбайтын мамандар екені дау туғызбайды. Атап айтқанда, олар Атырау, Ақжайык, Мақат, Құлсары, Махамбет, Ганюшкино, Жамансор сынды өндірістік станциялардан іріктелген жас ең үздік деген мамандар.

Сайыста олар өз білімдері мен біліктіліктерін сынға салды. Алдымен өз жұмыс орындарында тест сұрақтарына жауап беріп, Компания басшылығымен бекітілген теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады.

Аймақта карантиндік режимнің созылуына байланысты байқау онлайн режимде өткенін айта кетейік.

Нәтижесінде, комиссия шешіміне сәйкес аймақтық сайыс қорытындысымен Құлсары станция кезекшісі Айнабек Бисалиев пен Атырау станциясының пойыз құрастырушысы Аслан Айтжанов басқалардан озық нәтиже көрсетіп, олардың орындаған жұмысы үздік деп танылды. Сөйтіп, екеуі де республикалық байқауға жолдама алды.

«Мамандардың кәсіби шеберлігін, теориялық және практикалық білім-білігін тексеретін мұндай байқаулардың өтіп тұруы – аса қажет дүние. Өйткені теміржолшы жастардың жұмысқа деген ынтасы артады, өзара сайыс олардың шеберлігін шыңдай түседі, бір-бірінен үйренеді, білмегенін білуге ұмтылады және ең бастысы жауапкершілік күшейеді.

Қауіпсіздік пен еңбек қорғау бағытында да талаптар арта түседі. Сондықтан бұл байқау жас теміржолшылардың еңбек қабілетін арттыруға үлкен серпін берді деп ойлаймыз» дейді байқау комиссиясының мүшесі, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Бауыржан Картан.

«Жас үздік маман» аймақтық сайысы байқауының жеңімпаздары енді осы айдың аяғында өтетін республикалық байқауға дайындалып жатыр. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды