Ажалына асыққандар азаяр емес..
Өткен жылы Шымкент жол дистанциясына қарсты телімдерде 8 рет адамды пойыз басу оқиғасы тіркелді. Оның жетеуі бақилық болған, ішінде өз еріктерімен өлімге бас тіккендер де, ережені елемей опық жегендер де бар.
Дистанциялықтар темір жол жағасында тұратын елді-мекен тұрғындарына болат жолдың кез-келген жерінен кесіп өтудің өміріне қауіпті екенін айтудан шаршаған сыңайлы. Рельстің күйін келтіріп, бұрманы баптап жүріп те арасында адамдардың қауіпсіздігі үшін үй-үйді аралайды. Жиі кездесу өткізіп, бірнеше адамның басы қосылған жерден ескерту айтпай өтпейді. Дистанцияның еңбек қорғау инженері Қалия Иманбекова мектептегі мұғалімдерден «сіздер жалықтырып жібердіңіздер...» деген сөзді де естігенін айтады. Ондайға құлақтары үйренген жолшы қауым өткен жыл ішінде 7127 адамның қатысумен 192 рет жиын өткізіп, 59 мектепте 22 589 оқушымен кездесу ұйымдастырған. Бәрінде тағы сол қайталау, ескерту, темір жолдағы қайғылы жағдайлардан мысал келтіру, тіпті бейнетаспа, суреттерге дейін көрсетіп-ақ жүр. Тоғыз рет аймақтағы ЖІІБ тәртіп сақшыларымен бірлесіп рейдке шығып, алты жүргіншіге ескерту берген. Екінші рет сол адамдардың тағы белгіленбеген жерден өткенін көрсе айыппұл салмақ. Темір жол төңірегі қауіпті аймақ екені осы бір жыл ішінде жергілікті радиодан 9 рет айтылса, басылым беттеріне 7 рет мақала шығып, бір рет теледидардан арнайы хабар көрсетілген. Бәрі де халықтың қауіпсіздігі үшін. Жол бойында, өткелдерде 12 сақтандыру белгілері жаңартылса, дистанциядағы мамандардың өзімен осы жайында халыққа түсіндіру үшін 12 жиналыс ұйымдастырылыпты.
Шымкент жол дистанциясының адамдарға қауіпті деген 39,2 шақырымына қоршау жүргізілген. Дегенмен, халық жиі өтетін Қызылсай, Манкент станцияларының бойы әлі қоршалмай тұр. Алайда сол орнатылған шақырымдардағы қоршаудың өзі сақталмауда.
– Адамдардың санасыздығына күйінеміз. Бұрын ескерту айтсақ жол жиегі қоршалмағанын сылтау ететін. Енді сол темір шарбаққа тыныштық бермеуде. Тұрғындар жолды өздеріне ыңғайлап, талапқа сай емес тұстан есік ашып алуын тоқтатар емес. Шымкент – Қорғасын аралығындағы қоршау шарбақтарының 12 данасы ұрланды. Ол жайлы Шымкент станциясындағы ЖІІБ-не және қалалық көлік прокуратурасына арыз түсірдік. Әлі ұры табылмады. Қосымша қорда тұратын шарбақ жоқ болғасын орны жаңаланбай тұр. Қанша айтсақ та, тұрғындар жолдан жүгіріп өтін қоймайды, балалары қараусыз ойнап жүреді. Болмаса алаңсыз қой-ешкісін жаяды. Ескерту берсек, дүкенге барып келу үшін елу метр жүруге қиналыс білдіреді. Олар үшін әр үйдің маңайынан қоршаудың есігін орнатып беруіміз керек екен, – дейді Қалия Иманбекова.
Шымкент – Қызылсай телімі бұл өңірде «қанды жол» аталады. Өткен жылы 31 жастағы екі жігіт пен 51 жасар әйел осы аралықта өзін-өзі пойыздың астына тастаған. Құлаққаптың кесірінен өлім құшқан 22 жасар қыз баланың да талқаны осы телімде таусылыпты. Қорғасын – Черноводск бойында 35 жасар жігіт те суицид жасаған. Шымкент – Қорғасын аралығындағы 37 жасар ер кісі де жарық дүниеден қоштасудың жолын болат жолдан тауыпты. 27 жасар екінші қыз Черноводск – Бадам аралығында тағы сол құлаққаппен әуен тыңдаған бойы абайсызда ажал құшты
Жаңа жыл да басталды. Жолшылар тағы жол бойын қорып, ел аралап түсіндіру, насихат жұмысын жалғастыруда. Өзін-өзі өлімге қиғандарға айла жоқ, алайда өміріне жауапсыз қарайтындарға алла сана берсе екен деуден басқа айтары жоқ.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті