Нидерландының Лимбург провинциясында 250 жолаушысы бар қалааралық пойыз рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға 25 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00 шамасында орын алған (Астана уақытымен 07:00).
NL Times порталының жазуынша, көптеген жолаушы сенбі күнгі Верттегі жәрмеңкеден қайтып келе жатқан.
Пойыздың рельстен шығу себептері, әзірге белгісіз, тергеу амалдары қолға алынды. Оқиға орнына шұғыл қызметтер келіп жетті.
Жол апатына ұшыраған жолаушыларды тасымалдау үшін қосалқы пойыз жолға шығып, адамдарды автобустар күтіп тұрған станцияға дейін жеткізді.