Пойызға билет: «Күту парағына» жүгінетіндер көбейген

Жолаушылар тасымалы
01.08.2023, 09:40
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жаз басталысымен пойызға билет табу «күйіп» тұрған мәселеге айналады. Халықтың көбі ең сенімді және бағасы қол жетімді болғандықтан теміржол көлігіне иек артқанды дұрыс көреді. Бірақ сапарын ерте жоспарлап, алдын ала қам жасамаса, пойызға билет сатып алу қиынға соғады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жазға қарай күрт артатын жолаушы нөпіріне алдын ала қам жасап, қосымша вагондар шығарып, онлайн-билет сатылымы мен электронды билет кассалары, тағысын тағы сервистік қызметтерді жыл сайын арттырып келеді. Десе де билет тапшылығын жоя алмай отыр. Есесіне, соңғы жылдары іске қосылған «Күту парағы» сервистік қызметінің танымалдылығы артып, оны пайдаланатындар қатары да соңғы кезде күрт артқан.  

Bilet.railways.kz сайтындағы осы сервистік қызметтің арқасында Қазақстанда биыл алғашқы жартыжылдықта 70 мыңға жуық адам билет алыпты. Межелі жерге билет болмаған жағдайда осы сайттағы «Күту парағы» қызметі арқылы жөнелтілуіне 7 күн мерзімі бар пойызға билетке кезекке тұруға болады. Ол үшін аталған сайтта әр адам өзінің жеке кабинетін ашып, «Күту парағы» тетігін басады. Сосын өзіне қажетті бағдарды және жеке деректерін толтырып, өтінім жібереді. Жеке деректерінің ішінде телефон нөмірі міндетті түрде көрсетілуі керек. Себебі орындар босаған жағдайда жүйе өзі сол телефон нөміріне хабарлама жібереді. Ол хабарламада өтінім нөмірі мен қорғаныш коды жазылады. Сол сандарды жеке кабинетке кіріп, «Күту парағы тарихы» деген жерді басу арқылы билет орнын брондай отырып, енгізеді. Одан әрі билет қайта еркін сауда айналымына түсіп, кері кетіп қалмас үшін 1-1,5 сағаттың ішінде билетті онлайн түрде жылдам сатып алу керек. Келген бос орын бойынша билетті аталған мерзім ішінде кассаға барып та алуға болады.  

Өзім де осы жаз еңбек демалысында басқа қалаға саяхаттау барысында билет іздеп таппай, бірден осы қызметке жүгіндім. Осылайша бару билетімді жолға шығуыма 3-4 күн қалғанда тапсам, қайту билетімді пойызға отыруға бір күн қалғанда таптым. Екеуінде де СМС хабарлама телефон нөміріме 12-24 сағаттың ішінде келді. Осылайша бұл қызметтің тиімділігіне көз жеткізіп, оны қалай пайдалану керектігі туралы бейнежазба түсіріп, оны әлеуметтік желіге салдым. Көп адамдар осы бейнежазбадағы менің нұсқаулығым арқылы билет алғанын айтып, алғыс білдіріп жатты. Бұл жерде ғаламтор тілін терең білудің де аса қажеті жоқ. Сервис оңай жолмен билет алуға мүмкіндік беретіндей ойластырылған.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды