Пойыздар неге жиі кешігеді – «Жолаушылар тасымалы» жауабы

Жолаушылар тасымалы
13.09.2023, 11:31
Оқуға 1 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов пойыздардың кестеге сәйкес жүрмеуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пойыздардың кешігуі бойынша бұған дейін де бірнеше рет ресми түсінік берілді. Жаз мезгілінде 3 сағатқа, кейде 6 сағатқа дейін кешігулер болды», - деп жауап берді Жәнібек Тайжанов БАҚ өкілдерінің сауалына.

Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» кешігудің басты үш себебін атап өтті.

Бірінші себеп - жыл сайын теміржолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мақсат – теміржол қатынасы қауіпсіздігін қамту.

Екінші себеп – пойыздардың жолдан шығып кетуі. Осыған байланысты пойыздар кешігеді. Теміржолды қалпына келтіру белгілі бір жұмыстарды атқаруды қажет. Бұл пойыздардың кешігуіне алып келеді.

Үшінші себеп – климаттық факторлар. Яғни, ауа райы қолайсыздығы, боран, қар тағы сол сияқты.

Оның айтуынша, биыл пойыздар кідірісінің басым бөлігі магистральдық жолдардар бойындағы жұмыстармен байланысты.

Одан бөлек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры жолаушылар пойыздардың кешігіп келген әрбір сағаты үшін өтемақы талап ете алатынын еске салды.

«Әр сағат үшін жолаушы билет құнының 3% мөлшерінде өтемақы ала алады. Біз бұл туралы вокзалдағы кассаларда айтып отырмыз. Бұл ақпарат барлық жерде бар», - деп толықтырды ол.

Бұған дейін елімізде 654 ескі вагон жолаушы тасымалдап жүргені туралы хабарлаған едік.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды