Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты

Жолаушылар тасымалы
22.07.2024, 11:01
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Биыл ғалым-геолог, металлогения ғылымының және мектебінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті және академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр.  

Қазақтың біртуар азаматының мерейтойы ҚТЖ назарынан тыс қалмады. 20 шілде күні Астана қаласындағы Нұрлыжол вокзалында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арнайы безендірілген жолаушылар пойызы жолға шықты. Безендірілген пойыз Астана-Жезқазған бағыты бойынша қатынайды.  

Қазақтың көрнекті қайраткерлеріне арналған тақырыптық жобаны Ұлттық тасымалдаушы «Қазақмыс» компаниясымен бірлесіп алғаш рет іске асырып отыр. Пойыздың сыртқы жағында Қаныш Сәтпаевтың өмір сүрген жылдары мен оның мерейтойлық портреті бейнеленген. Жоба ұлы қазақ ғалымының есімін қастерлеуге бағытталған.

№65-66 жолаушылар пойызының бастығы Мадияр Бектасов бұл пойыз тектен текке безендірілмегенін, өйткені академик  Қаныш Сәтбаевтың өмірі осы Жезқазған қаласымен тығыз байланысты екенін айтады.  

«Биыл Қаныш Сәтбаев атамыздың 125 жылдығы. Бұл пойыздың арнайы безендірілуіне келсек, ғалым осы Жезқазған қаласында барлау жүргізіп мыс, жез кендерін тапқан. Ол кісінің еңбегі ұмытылмас үшін әрі жастарға өнеге болсын деп пойызымызды арнайы безендіріп отырмыз», - дейді пойыз бастығы.    

Қаныш Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Оның есімі Қазақстанның өнеркәсібі мен ғылымының қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты.  

Қ.И.Сәтбаев  ̶  Қазақстан жер қойнауының пайдалы қазбаларын, Жезқазғандағы мыс қорларын  ашқан алғашқы қазақ геологы, Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, Кеңес Одағының шығыс республикаларынан шыққан КСРО ҒА-ның тұңғыш академигі, КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, Мемлекеттік және Ленин сыйлықтарының лауреаты, төрт мәрте Ленин орденімен, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.  

Пойызға мініп жатқан жолаушылар Қаныш Имантайұлының бейнесімен безендіруді қолға алған ҚТЖ-ның бастамасын оң бағалап, бұл әсіресе өсіп келе жатқан жастарға өнеге боларлық іс деген пікірлерін білдірді.  

«Өзім Сәтбаев қаласының тұрығынымын әрі оны мақтан тұтамын. Бүгін академиктің 125 жылыдғына арнайы безендірілген пойызбен жолға шығып барамыз, бұл біз үшін үлкен қуаныш.  Ол кісінің Жезқазған, қазіргі Сәтбаев пен Қарсақбайға сіңірген еңбегі зор. Сол кісінің бастамасымен бұл өңірлерде мыс қорыту зауыттары мен кен орындары ашылды. Елімізде Қаныштай мықты ғалымның шыққанына қуанамыз. Ол кісінің жолын жалғастыратын жастарымыз көп болсын», - дейді жолаушы Айжан Сүлейменова.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды