«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да түзетулер енгізіледі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да станцияның Техникалық-өкімші актісін (ТӨА) жасау тәртібіне түзетулер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде жол бөлімшелері орталық аппаратқа ұсыныстары мен ескертпелерін жіберуде. Ал күзге қарай аталған құжаттың соңғы нұсқасы әзірленбек.

«Нормативті-техникалық құжаттамаларды дұрыс құру – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі» ұранымен Алматы жүк тасымалы бөлімшесінде «Нормативті-техникалық құжаттаманы әзірлеу және жүргізу» тақырыбында семинар өтті. Семинарға қатысушылар станцияларда нормативтітехникалық құжаттамалардың мазмұны, жасалуы, уақытылы тексерілуі және өңделу деңгейін арттыру бойынша пікір алмасты.

«Станцияда маневрлік жұмыс өндірісі және пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында негізгі критерийлердің бірі, ол станцияның ТӨА талаптарын дәлме-дәл және мүлтіксіз сақтау болып табылады. Техникалықөкімші акті бойынша жұмыстың басты принципі – ықтимал тәуекелдердің алдын алу және болжау. Тасымалдың сенімділігі мен қауіпсіздігі маңызды құжаттың қаншалықты кәсіби және нақты жазылғанына байланысты болмақ. Яғни, қозғалыс қауіпсіздігінің мәдениеті осыдан басталады», – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Техникалық саясат департаментінің бас менеджері Рита Енсебаева. Мамандар станцияның ТӨА құжатының үлгісін жасау барысында әр пункт егжей-тегжейлі зерделеніп және де барлық мүдделі құрылымдармен бірауыздан келісімге келгеннен кейін қабылданатынына сендіріп отыр. Демек, уақыт талабына сай жасалынып жатқан жаңа ТӨАнің станция қызметкерлерінің жұмысына оң ықпал етері анық.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады