Мүгедектерге жеңілдетілген билеттердің онлайн сатылымы қолжетімді
Жолаушылар тасымалы
05.08.2021, 10:27
Ағымдағы жылдың 28 шілдесінен бастап мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеңілдетілген билеттерді ресми сайтынан онлайн сатып алуға болады, деп хабарлайды Rail-news.kz «ҚТЖ» ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еgov mobile-дан алынған ЖСН және әлеуметтік ID 6-таңбалы кодты енгізіп онлайн сатып ала алады. Әлеуметтік маңызы бар теміржол қатынастары бойынша жол жүруге мүгедектігі бар барлық адамдар үшін 50% мөлшерінде жеңілдік енгізілген.
Жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен іске асырды.
Bilet.railways.kz сайтында жеке кабинеті бар жолаушы сапарға шығатын күні мен вагондағы орынын таңдағаннан кейін, мүгедектігін растау үшін ЖСН, мүгедектігін расстайтын анықтаманың нөмірі және әлеуметтік құжатқа қолжетімділік ашылғаннан кейін EGov mobile қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисінде ID. пайда болатын 6 таңбалы код.
Сайтта өз деректерін толтырғаннан және дербес деректерді өңдеуге келісім бергеннен кейін билеттерді сату жүйесі мүгедектік мәртебесін алу үшін «цифрлық құжаттар» сервисіне сұрау салу жібереді. Деректерді тексеру кезінде жолаушының мәртебесі расталады. Бұдан әрі сату жүйесі төлем жүргізу және жол жүру құжатын рәсімдеу үшін таңдалған орынға жеңілдікті қолдануға мүмкіндік береді.
2019 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.04.2015 ж. №545 бұйрығымен бекітілген жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына (02.08.2019 ж. №611 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бұдан әрі-қағидалар) әлеуметтік маңызы бар теміржол қатынастары бойынша жол жүруге мүгедектігі бар барлық адамдар үшін 50% мөлшерінде жеңілдік енгізілген.
Сондай-ақ, жолаушыларға жеңілдетілген теміржол билеттерін «Мейірім» дисконттық картаның көмегімен www.bilet.railways.kz ресми сайтында рәсімдеуге болатындығы туралы хабарлаймыз.
«Өткен жылы теміржол билеттерінің 50% - дан астамы онлайн түрде сатылды. Аталған көрсеткішті 2021 жылы арттыруға тырысамыз және мүмкіндігінше көп жолаушылардың билеттерді онлайн сатып алуын қалаймыз. Бұл уақыт пен ақшаны айтарлықтай үнемдейтін ең тиімді әдіс. Сондай - ақ, елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мүгедек азаматтардың билет кассаларына бармай-ақ теміржол билеттерін сатып алу процесін жетілдіру туралы шешім қабылданды», - деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Петер Штурм.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ үшін ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін цифрлық форматтағы қызметтердің қолжетімділігі аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
«Біз мүгедек адамдардың мәртебесін растайтын құжатты өзімен бірге алып жүруінің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және мүгедек адамның куәлігі eGov mobile қосымшасындағы «цифрлық құжаттар» сервисінде де қолжетімді екенін қуана хабарлаймыз. Бұдан басқа, «ҚТЖ» ҰК» АҚ билеттерді сату жүйесімен интеграциялаудың арқасында жеңілдікті билеттерді рәсімдеу мүмкіндігі іске асырылды», - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.«Мүгедектігі бар адамның куәлігі» құжатын алғаш рет пайдаланған кезде алғашқы минуттарда қажет болуы мүмкін, себебі мемлекеттік органдар жүйелерінен алынған деректерді ескере отырып, құжаттың шығу нысаны қалыптастырылады. Егер жолаушының куәлігі қолжетімді құжаттар тізімінде көрсетілмесе, жоғарғы оң жақ бұрыштағы көрсеткіні басу арқылы «цифрлық құжаттар» бөлімін жаңартуы қажет.
2019 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.04.2015 ж. №545 бұйрығымен бекітілген жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына (02.08.2019 ж. №611 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бұдан әрі-қағидалар) әлеуметтік маңызы бар теміржол қатынастары бойынша жол жүруге мүгедектігі бар барлық адамдар үшін 50% мөлшерінде жеңілдік енгізілген.
Сондай-ақ, жолаушыларға жеңілдетілген теміржол билеттерін «Мейірім» дисконттық картаның көмегімен www.bilet.railways.kz ресми сайтында рәсімдеуге болатындығы туралы хабарлаймыз.
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді