Ақтөбе темір жолының ұжымы құрметті теміржолшы 75 жасқа толуымен құттықтады

ҚТЖ келбеті
11.11.2021, 10:48
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік ардагер, құрметті теміржолшы Болатбай Исағалиев 7 қарашада 75 жасқа толады. Өмірінің елу жылға жуығын жол шаруашылығына арнаған ардагермен қызметтес болғандар оның шойын жолдың күтімі мен бабын кереметтей меңгерген нағыз кәсіби теміржолшы болғанын айтады. Бүгінде ел ағасы болып отырған ардагер теміржолшы 1963 жылы Гурьев жол дистанцисында жол монтері болып еңбек жолын бастайды. 1969 жылы Орал электромеханикалық институтында білім алып, жолдамамен Қарағанды жол дистанциясына барып, жол шебері, аға жол шебері болып еңбек етеді. Сол кезде-ақ болашағынан зор үміт күттірген жас маман шебер ұйымдастырушы ретінде көзге түскен екен. 1972 жылы Қарағанды бөлімшесіне жол шаруашылығы жұмыстары бойынша қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры болып ауысып, төрт жылдай қызмет атқарады. Теміржолшының біліктілігі мен тәжірибесіне көз жеткізген басшылық оны Қарағанды жол дистанциясы бастығының орынбасары етіп тағайындайды. Кейін Нұра жол дистанциясын басқарып, Қарағанды бөлімшесінде жол бөлімінің бастығы қызметін де атқарды. Теміржол саласында мол тәжірибе жинақтаған Болатбай Еділұлы 1992-1998 жылдары Батыс Қазақстан темір жолының жол қызметін басқарды. Аймақта тұралап қалған жол шаруашылығын жандандыру жұмыстарына үлкен үлес қосты. 1998-2001 жылдары Ақтөбе облысы бойынша жол бөлімшесі өкілдігін басқарса, 2001-2011 жылдары Магистральдық желі басқармасының облыстық жол зертханасының меңгерушісі болып қызмет атқарып, зейнетке шықты. Ақтөбе темір жолының басшылығы мен ұжымы, кешегі-бүгінгі әріптестері, ізбасар інілері Болатбай Еділұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ өмір тілейді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды