Жамбылдық жас машинист «Нұр Отан» басшылығының Алғыс хатын алды

ҚТЖ келбеті
15.12.2021, 10:24
Оқуға 2 мин
Асхат Райқұл

Атасы – машинист, әкесі – машинист, өзі – машинист. Қарғабаевтар әулетінің өкілі Жандос, шынында да, машинистер әулетінің мұрагері екені рас.

Жамбыл локомотив пайдалану депосында еңбек ететін жас жігіт тәуелсіздікпен түйдей құрдас, 1991 жылы 19 қыркүйекте туған. Көзін ашып көргені теміржол болған соң Жандос көп ойланған жоқ, мектеп бітіре сала Тараз қаласындағы №13 теміржол колледжіне жол тартты. Емтиханнан сүрінбей өтіп, үш жыл бойы теориялық білім жинақтап, 2010 жылы диплом алып шықты.

«Атам Жазықбек 1929 жылдан 1958 жылға дейін паравоз машинисі болған ғой. О-о, ол кісінің әңгімелері ғажап енді, ол уақытта теміржолшы деген ең құрметті мамандық болған, сонымен қатар қиындығы да көп сала еді ғой. Көп дүние қолмен атқарылды. Атам да осал емес, әйтпесе ол тұста қазақтардың дені қара жұмыста жүрген жоқ па...», – деп әңгіме айтады Жандос Қарғабаев.

Әкесі Болатбек 1982 жылдан кешеге дейін машинист болып, екі жыл бұрын қабылдаушы қызметінен зейнет демалысына шығыпты. Жамбыл локомотив пайдалану депосына жұмысқа тұрған Жандос үш жыл машинистің көмекшісі болды. Сосын арнайы курстан өтіп, емтихан тапсырып, машинист куәлігін алады. Бүгінде жолаушылар пойызын жүргізеді. Теміржолшылар әулетінің саладағы еңбек өтілі бүгінде жүз жылдан асқан. Жандостың отбасы бұл санды арттыра түсетін болады. Өйткені, оның жары Әсел де Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде еңбек етеді. Тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы. Екеуінің екі баласы өсіп келеді, «болашақ машинистер» деп қалжыңдайды кейіпкеріміз. Несі бар, «жақсы сөз – жарым ырыс» деген, әулет жолын жалғайтын солар болмағанда, кім?! Жуырда Тәуелсіздік құрдастары елордада бас қосты. Оларды арнайы қабылдаған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек теміржолда династиялық дәстүрді жалғастырып жүрген жас машинисті Алғыс хатпен марапаттады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды