Егемендікпен тел өскен ақтөбелік машинист ҚТЖ «100 жас есім» жобасына енген

ҚТЖ келбеті
15.12.2021, 10:48
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Осыдан тура 30 жыл бұрын ел азаттығын жариялап, Тәуелсіздік алған тұста өмірге келген ақтөбелік Әсет Нетжанов – екінші класты тепловоз машинисі.

«Тәуелсіздіктің құрдасы болу үлкен жауапкершілік деп сезінемін. Елмен бірге есейіп келеміз. Қазақ елінде салтанат құрған достық, экономикалық өрлеу, саяси тұрақтылықтың арқасында замандастарымыз армандарына қол жеткізіп жүр. Еліміздің болашағы жарқын. Мен оған сенемін.Теміржолда жастардың жан-жақты дамуына, еркін еңбек етуіне толық жағдай жасалған. Компания тарапынан үнемі қолдауды сезінеміз», – дейді Әсет Нетжанов.

Әсет еңбек жолын 2009 жылы бастаған. Ақтөбедегі теміржол колледжінде білім алып, локомотив пайдалану депосына машинист көмекшісі болып жұмысқа қабылданғанда он сегізден енді асқан бозбала өзін кәдімгідей ересек сезінгенін айтады. Үш жыл жауапкершілікпен тиянақты еңбек етіп, тәп-тәуір тәжірибе жинақтаған жасты депо басшылығы 2011 жылы білімін жетілдіруге жібереді. 2012 жылы тепловоз машинисі болып, көмекшімен сапарға шығады. Содан бері темір тұлпардың тізгініне ие, жас та болса деподағы мақтаулы машинистің бірі. Қоғамдық шараларға да белсене араласып, қолайлы еңбек жағдайын жасау, өндірістік қауіпсіздік пен еңбек қорғау деңгейін арттыру тақырыбында бірнеше топтық жобаларға қатысқан ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «100 жас есім» жабасына енген.

«Топтық жобалар дайындадық. Арнайы киімдер теміржолшыларға ыңғайлы әрі қауіпсіз болсын деген ойларымызды ұсындық. Қайырымдылық шараларын ұйымдастырамыз. Жалпы компания тарапынан ұйымдастырылған шараларға жастар белсене қатысады. Тәуелсіздіктің тұғыры берік болсын! Басқасының бәрі өз қолымызда», – дейді кейіпкеріміз.

Әсет Нетжанов биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы оқу орталығында білім жетілдіріп, екінші класты машинист куәлігін алды. Жауапкершілігі жоғары, сенімді жас маман мекеме басшылығы тарапынан депо кезекшілігі қызметіне ұсынылған.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады