Романтик жүрегі теміржолды қалап тұрды

ҚТЖ келбеті
06.04.2022, 14:06
Любовь Подоляк

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің менеджері Аманқос Оразұлы Нәдіровті құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды.

Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Жақсылық Жұматаев «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры атынан және жеке өз атынан мінсіз және көпжылғы жұмысы үшін алғыс білдіріп, Алғыс хат пен естелік сыйлықты табыс етті.

«Аманқос Оразұлы - өз ісін жетік білетін, көпжылдық еңбек өтілі мен үлкен тәжірибесі бар білікті маман», - деп атап өтті атқарушы директор Иван Костыря.

Аманқос Оразұлы темір жолға 43 жылын арнады. Ревизорлық  аппаратта 25 жылға жуық жұмыс істейді. Яғни, ширек ғасыр бойы пойыздар қауіпсіздігінің сақшысы қызметінде. Бұл құрылымға ол мол тәжірибесі бар теміржолшы ретінде келді.

«Басқалар істей алғанды, менің атқара алмауым мүмкін емес». Осындай ұранмен ол өз мақсаттарына аяқ басты. Ол пойыз жүргізуді армандады! Бірде келе жатқан пойыз бен машинисті көріп, бұл менің тағдырым деп шешті: «Ол жүргізе алса, менің де қолымнан келеді. Жүрегі теміржолды қалап тұрды».

Аманқос Оразұлы әскерден оралғаннан кейін, 1979 жылы Атырау локомотив депосының табалдырығын машинист көмекшісі ретінде аттады. Кейін карьерлік баспалдақтың барлық сатыларынан өтті: машинист, машинист-нұсқаушы, депоны пайдалану жөніндегі директор орынбасары болды. Машинист бола отырып, ол өзінің арманын ғана емес, темір жолда ұлын көргісі келген анасының да тілегін орындады.

Содан кейін орталық аппаратта ревизор болып жұмыс істеді. Ревизорларда үлкен жауапкершілік жатыр, олардың кәсібилігінен көбінесе теміржол қауіпсіздігінің іргетасы қаншалықты берік екені байланысты. Бұл күнделікті қажырлы еңбек.

Аманқос Оразұлы - үлкен кәсіби маман және жұрт қадір тұтатын тұлға. Адал маңдай теріне «Адал еңбегі үшін» және «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін»  төс белгілерімен, «Локомотив» АҚ президентінің атаулы сағаттарымен марапатталған. Ол «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның мықты ұйым екеніне сенімді.

«Локомотив шаруашылығындағы қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі факторлар, бұл локомотив бригадаларының еңбек және демалыс режимі, қауіпсіздік құралдарының дұрыс жұмыс істеуі және қызметкерлердің техникалық білімі. Локомотив шаруашылығымыз мықты, бір-екі жылдан соң бізде ешқандай проблема болмайды. Локомотив паркін айтарлықтай жаңарту жүріп жатыр. Бірақ жұмыстың негізгі бағыты әрқашанда қауіпсіздік болады. Жүктерді тасымалдау еңбекті қорғау мен қозғалыс қауіпсіздігімен қатар жүруі тиіс», - деп есептейді ревизор.

 Аманқос Оразұлы темір жолдың сенімді қолда екенін біледі: «Локомотившілер күндіз де, түнде де жұмыс істеп, өздерінің кәсіби міндеттерін орындай отырып, темір жолмен өмір сүреді».

Аманқос Оразұлының қызы мен ұлы, бес немересі бар.

Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда