Ұзақ жыл батыс темір жолында еңбек еткен Болатбек Молдасалиев 80 жаста

ҚТЖ келбеті
27.04.2022, 08:50
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеліктер Қазақстан темір жолының қиын да күрделі саласы – белгі беру және байланыс қызметіне жарты ғасырға жуық ғұмырын арнаған ардагер, Құрметті теміржолшы Болатбек Молдасалиевті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Теміржол тарланын бірге қызмет істеген әріптестері, шәкірттері құттықтап, қуанышына ортақтасты. Нұр-Сұлтан қаласынан Салалық кәсіподақтың "Транстелеком" филиалы төрағасы Мәлік Әбілпейісов арнайы келді.

"Бүгінде Қазақстан темір жолында Бөкеңнің қаншама шәкірттері тер төгіп жүр, қаншамасы темір жол қызметіндегі байланыс саласын басқарып отыр. Мен де бұл кісінің шәкіртімін. Ұстазымызды мерейтойымен құттықтап ізгі тілегімізді білдіру үшін сонша жерден ат терлетіп келіп тұрмыз», – деді Мәлік Әбілпейісов.

"Құрметті теміржолшы" белгісінен бөлек мерейтой иесі теміржол көлігіндегі байланыс және телекоммуникациялар жүйесіне сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының «Құрметті дабылшысы» төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан темір жолы, көлік министрлігі басшылығы мен «Транстелеком» АҚ президентінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары бір төбе.

Болатбек Әсімұлы соғыс жылдары 1942 жылы 15 сәуірде Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. Әкесі Әсім Молдасалиев 1942 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан екен. 1959 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы-1 станциясындағы локомотив депосында жұмысшы, өрт сөндіруші болып жұмыс істеп, 1961 жылы Мәскеу теміржол инженерлері институтына оқуға түседі, 1966 жылы темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс факультетін инженер-байланыс мамандығы бойынша бітіріп, елге оралады.

Еңбек жолын Алматы белгі беру және байланыс дистанциясында бастап, Батыс Қазақстан темір жолының Гурьев, Орал, Ақтөбе бөлімшелерінде ұзақ жыл жемісті еңбек етеді. Электромеханиктен бас инженер, дистанция бастығы, басқарма бастығы қызметіне дейін өсіп, өз ісінің майталман маманы ретінде танылады. 1998 жылдан 2012 жылға дейін "Транстелеком" АҚ-да басқарушы директор және техникалық директор қызметтерін атқарды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды