Шуда ардагерге ескерткіш тақта орнатылды

ҚТЖ келбеті
17.05.2022, 12:04
Оқуға 2 мин

Шу белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымы, осы кәсіпорынды 1997-2002 және 2007-2016 жылдары басқарған Құрметті теміржолшы Қартайған Аязбаевты құрметпен еске алып, дистанция кеңсесіне тақта орнатты.

2020 жылы 69 жасында өмірден өткен Қартайған Бөлегенұлы саналы ғұмырын болат жолға арнап, еңбек жолын осы саламен тығыз байланыстырған өз ісінің нағыз маманы болды. 1968 жылы Шоқпар орта мектебін бітіргеннен кейін Шу белгі беру және байланыс дистанциясында байланыс электромонтеры болып еңбек жолын бастаған ол 1969-1974 жылдары Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтында оқып, жоғары білім алады. Жолдамамен Ерейментау белгі беру және байланыс дистанциясына барып, электромеханик, аға электромеханик, аға инженер, дистанцияның бас инженері, бастығы болып қызмет атқарды.

1987 жылдан бастап Шу белгі беру және байланыс дистанциясында бас инженері, бастығы, ал 2002-2004 жылдары Алматы белгі беру және байланыс бас дистанциясының директоры болды. 2007 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ –«Жамбыл магистралдық желі бөлімшесі» филиалын басқарды. 2007-2016 жылдар аралығында Шу белгі беру және байланыс дистанциясының бас инженері қызметінде болып, 2016 жылдың 1 ақпанынан зейнет демалысына шығады.

Қартайған Бөлегенұлы теміржолдағы СОБ және байланыс құрылғыларының техникалық тұрғыда жетілдіріліп, олардың күтімін жақсартуға, эстетикалық талаптардың сақталуына ерекше еңбегі сіңген, шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыруда аса білікті маман ретінде өзін көрсете білген жан болды. Целиноград-Екібастұз, Шығанақ-Шу, Жамбыл-Шу-Отар аралықтарын электрлендіру жұмыс- тарына белсене атсалысқан азамат.

– Қартайған ағамыздың әкесі Бөлеген өмірін жолшы болып өткізген жан еді. «Тәрбие – талбесіктен» демекші, мектебі де әке өнегесі болған ғой. Көп сөзден гөрі нақты істі жаны қалайтын азамат еді. Жауапты, өз ісіне тиянақты, бастамашыл жастарды жан-тәнімен қолдайтын қасиеті болатын. Осы өңірде бұл салада жүрген мамандардың көпшілігі – сол кісінің шәкірттеріміз, – деді шарада сөз алған дистанция басшысы Қайрат Сазаев.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды