«Құрметті теміржолшы» төсбелгісін алды

ҚТЖ келбеті
12.08.2022, 09:10
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Темір жолдың белгі беру және байланыс саласында табан аудармай қырық жыл еңбек еткен теміржолшы Бекболат Молдашев кешегі төл мерекеде ең беделді марапатқа ие болды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың қолынан «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін алды.

Теміржолшылар әулетінен шығып, әке жолын жалғаған кейіпкеріміз осыдан 59 жыл бұрын болат жол бойындағы шағын бекетте дүниеге келген. Астанадан 12 км қашықта орналасқан №96 бекетте туған Бекболат Серікұлы қазіргі таңда Астана белгі беру және байланыс дистанциясының сигнал беру, орталықтандыру және блоктау электр монтері болып еңбек етеді. Көзін ашқанда көргені осы теміржол. Шағын бекеттің үстінен зулап өтіп жататын пойыздар – оның бала кезден есінде қалған көрініс. 42 жыл станция бастығы болған әкесі Серік бес баласының да теміржолшы кәсібін таңдағанына қуанбаса, ренжіген емес.  

– Теміржолшы болуды жанымен қалап келмесе, кездейсоқ таңдай салу дұрыс емес деп санаймын. Біз – 3-4 үйлі шағын разъез- де туған теміржолшылар ұрпағымыз. Сол кездегі үрдіс бойынша теміржолшылардың балаларына арналған мектеп-интернатта тәрбиелендік. Мен Целиноградтағы мектеп-интернатта 8 сыныпты бітірген соң теміржол училищесіне СЦБ электр монтері мамандығы бойынша оқуға түстім, 1982 жылы бітіргеннен кейін осы ШЧ-16 мекемесіне 19 жасымда электромонтер болып жұмысқа қабылдандым. Кейіннен Астана жол техникалық мектебінен білім алдым. Электромонтерден электромеханик қызметіне көтерілдім. Біздің жұмысымыз бағыттама бұрмалары мен бағдаршамдар, сымдар мен кабельдердің ақаусыз жұмысын қамтамасыз етумен байланысты. Әр жұмыс күні нұсқаулықтан басталады. Технологиялық процесс кестесіне сай жұмыс істейміз. Станция теміржолында электромеханиктерді аудан-ауданға бөліп тастайды. Кезінде біз жұмысқа енді кірісіп, еңбек жолымызды бастағанда қазіргідей жаңа технологиялар жоқ болатын. Ал қазір техника дамып, теміржолшылар үшін жағдай жасалуда, жаман ба?! – дейді ол. 

Салаға сіңірген еңбегі үшін «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін алған кейіпкеріміздің суреті дистанцияның Құрмет тақтасына ілінген. 2009 жылы елордадан пәтер берілді. Жұбайы да теміржолда еңбек етеді. Бүгінде желкілдеп өсіп келе жатқан төрт немересінің бірі ата жолын жалғайды деген үміті бар.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады