Дөңес кезекшісі

ҚТЖ келбеті
22.11.2022, 11:17
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш станциясында тәулігіне 2500 вагон өңделетін ірі сұрыптау дөңесінің жұмысын тәжірибелі мамандар ұйымдастырады. Соның ішінде автоматтандырылған басқару жүйесін ұршықша «иіріп» отырған Сергей Бузиннің жауапкершілігі жоғары.

Сергей Александрович – дөңес кезекшісі. 21 жолдан тұратын сұрыптау дөңесіндегі қозғалысты күнделікті ұйымдастырады. «Тобыл – Астана», «Сарыағаш – Астрахань», «Арыс – Мақат», «Тобыл – Ақтөбе» бағытындағы әр пойыздың жүрісін жатқа біледі десек болады. Жылжымалы құрамның қозғалысын мүлтіксіз ұйымдастырып отырған теміржолшы автоматтандырылған жүйенің артықшылықтары туралы айтып берді.  

«Бұрын мұндай мүмкіндік болмады. «Соқыр» адамдай ештеңені көрместен қозғалысты ұйымдастыратынбыз. Рация, телефон арқылы хабарласып, у-шу боп отыратынбыз. 2015 жылдан бері Ұлттық компания тарапынан көптеген жұмыстар қолға алынды. Толықтай сандық жүйеге көше бастадық. Нәтижесінде қозғалысты автоматтандырылған қондырғылармен ұйымдастыратын жағдайға жеттік. Қазір тек бақылап отырамыз», – дейді станция кезекшісі Сергей Бузин.  

Сұрыптау дөңесінің кезекшісі Сергей еңбек жолын 1991 жылы Қандыағаш станциясында бастаған. Мектепті бітірген бойда теміржол саласына жұмысқа орналасыпты. Станция басындағы қозғалысты реттеушілердің бірі болған ол өзіне жүктелген міндетін жауапкершілікпен атқарып, тәжірибе жинайды. Кейін оператор қызметін атқарады. 1995 жылы станция кезекшісі болады.  

Кейіпкеріміз 12 сағат ішінде 1500 вагонды өңдеп отырған автоматтандырылған дөңес жұмысымен таныстырды. Барлық қозғалыс экраннан көрініп тұр. Тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған 21 жолда 31 баяулатқыш бар. Цифрландыру нәтижесінде вагондарды бағыттап отыратын операторлар жұмысы жеңілдеген. Жылжымалы құрамдарды парктен паркке ауыстыру, вагондарды жөндеу жолдарына әкелу, ағыту, тіркеу, ауыстыру, өңдеу жұмыстары қарқынды, 24 сағат бойына тоқтаусыз жүреді.  

«Жылжымалы құрамдар жұмысын ұйымдастыру барысында ең бірінші қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына аса мән бересің. Жұмыс өте жауапты. Бірақ, қызметім өзіме ұнайды», – дейді кейіпкеріміз.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды