Теміржолда тұрақтылық бар – станция кезекшісі

ҚТЖ келбеті
13.12.2022, 10:16
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Қарағанды ЖТ бөлімшесіне қарасты үшінші класты Қарамұрын станциясында 40 шақты үй бар. Әрине, олардың көбі – байырғы теміржолшылар отбасы. Солардың бірі – салада 22 жылдық тәжірибесі бар станция кезекшісі Қайрат Тәжібаев.

Қайраттың мұнда станция кезекшісі болып еңбек етіп жатқанына үш жылдан енді асты. Транзиттік жүктер мен жолаушылар пойыздары жиі қатынайтын, әрі кіреберістегі тұйықта жеке кәсіпорындардан кварцет тиелетін шағын станцияда жұмыс көлемі аз емес.  

– Көріп тұрғаныңыздай, пультпен басқару жүйесі арқылы жұмыс істеп, пойыздардың қозғалысын реттеп отырамыз. Бір ауысымда 12 сағат жұмыс істеймін. Сол ауысым кезінде бұл жерден 13-14 пойыз өтеді. Ең бастысы – еңбек қорғау шарттарын, қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін сақтай отыра, қызметтік міндеттерімізді абыроймен атқаруға тырысамыз, – дейді станция кезекшісі.  

Жезқазғанның «Красная поляна» станциясында туған кейіпкеріміз теміржол колледжін тасымалды ұйымдастыру мамандығы бойынша бітіріп, алғашқы еңбек жолын 1998 жылы Құлагер станциясында пойыз құрастырушы болып бастаған екен. 13 жылдан кейін сол станцияға кезекші болып ауысқан. Қарамұрын станциясына жұмыс ауыстырған соң отбасымен көшіп келген. «Теміржолда тұрақтылық бар. Үйренген, оқыған жұмысым. Сондықтан өмірімді басқаша елестете алмаймын», – дейді Қарамұрын станциясының кезекшісі.  

Нұрсұлтан НҰРЛАНҰЛЫ, Қарағанды

 

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл