Қарт майдангер – 100 жаста

ҚТЖ келбеті
25.12.2023, 13:50
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымы ҰОС ардагері Төлеген Жүнісовті 100 жасқа толған туған күнімен құттықтап, батасын алды. 

Дистанция бастығының орынбасары Берік Рзалиев пен кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова бастаған топ арнайы дайындаған сый-сияпаттарын, ат-шапандарын арқалап, жеміс-жидек себеттерін көтеріп ғасыр жасаған қарияның үйіне келді. Бала-шаға, немере-шөбересінің ортасында елдің амандығын тілеп отырған батагөй қария кешегі әріптестерін қуана қарсы алды. Жұмыстың жайын сұрап, жаңалықтарын таңдаған соң өз жағдайының жаман емесін, бала-шағаның қамқорлығында, уайымсыз отырғанын білдіріп, шүкіршілігін айтты. 

– Дистанциялықтар атынан көзі тірі жалғыз соғыс ардагеріміз Төлеген Жүнісов қарияны жыл сайын арнайы келіп құттықтап, батасын аламыз. Әрдайым ардагеріміздің хал-ахуалын біліп тұрамыз, мүмкіндігімізше көмек беріп отырмыз, – деді дистанция бастығының орынбасары Берік Рзалиев.

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы атынан Қызылорда қосалқы бөлімінің кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұхтар Көпірбаев мерейтой иесіне қаржылай сыйлық тапсырса, аймақтағы теміржолшы ардагерлер кеңесі төрағасы Сисен Шермаханов «ҚТЖ» ардагерлері орталық кеңесінің төрағасы Б.Дүйсемалиевтің Алғыс хатын табыстады.

Екінің бірі жете бермейтін ғұмыр кешкен Төлеген қария 1923 жылы Тереңөзек ауданының Жаңалық ауылында дүниеге келіпті. Сұрапыл соғысқа аттанып, қан майданды бастан кешкен жауынгер Берлинге дейін барған. «I дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «За боевые заслуги» және «За отвагу», т.б. наградаларымен марапатталған. Төлеген қария 1983 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында еңбек еткен. 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті