Мерейі үстем Меңсұлу

ҚТЖ келбеті
07.03.2024, 15:19
Оқуға 3 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Мәншүк туралы дастан» фильмі жарыққа шыққанда ол алты жасқа енді толған тұлымшағы желбіреген, құралай көздері мөлдіреген бүлдіршін еді.  

Жамбыл ауданына қарасты Аса ауылындағы орта мектепте 8 класты бітіріп, 1978 жылы сол кездегі Жамбыл қаласындағы «ГПТУ-88» аталған техникалық училищеге «Станция кезекшісі» мамандығы бойынша оқуға түскен кезде қатар құрбылары Меңсұлудың бұл таңдауына қатты таң қалған. Себебі құрдастары оны актриса болады деп ойлайтын. Көпшілігі оны Мәншүк рөлін сомдаған Наталья Арынбасароваға қатты ұқсататын.

Бірақ Меңсұлу Донбаева әкесі Ширмамедтің жолын жалғастырып, теміржол саласын таңдады. 1981 жылы училищені бітіріп, Тараз станциясына тауар кассирі болып жұмысқа орналасқан кезде де оны көпшілігі фильмдегі Мәншүкке ұқсататын. Бұл «Мәншүк туралы дастан» фильмі көрерменнің ыстық ықыласына ие болған жылдар еді.  

– Әкем Ширмамед Донбаев ПЧ-51-де жолшы болып жұмыс істеді. Анам Мәрия 8 перзентті дүниеге әкелген көпбалалы ана. Отбасында екіншімін, әке жолын алғаш мен жалғадым. Менен кейін інім Исатай теміржолда жолшы, құрастырушы, парк кезекшісі болып жұмыс істеді. Өкінішке қарай, екі жыл бұрын өмірден озды. Қазір сіңлім Майя осы салада еңбек етуде, техникалық кеңсе операторы, – дейді кейіпкеріміз Меңсұлу Донбаева.

Жұрт оны Мәншүкке бекер ұқсатпаған екен. Қайсар қыз қызығынан қиындығы көп, еркіндігінен тәртібі темірдей қатты күрделі саланы таңдады. Бірақ мұнысына ол еш өкінген емес. Орта біліммен алысқа шаба алмайтынын түсініп, 1982 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтына оқуға түседі. Үш жылдан соң тұрмыс құрып, өмірге үш қыз әкеледі.  

Тауар кассирінен кейін парк кезекшісі болып жұмыс істейді.  Кейінірек технология орталығының операторы болады. Бүгінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалына қарасты «Пойыз ақпараты мен тасымалдау құжаттарын өндейтін станциялық технологиялық орталығының» басшысы.  

– Станциядағы жұмыс өте күрделі. Пойыздарды құру жоспарына сәйкес белгіленген параметрлері бойынша Тараз станциясына келген пойыздарды құжат бойынша тексеріп, бағыттарға белгілеп, жаңа пойыздарды құрастырамыз. Станция бойынша барлық келген және кеткен, таратылған пойыздардың саны, тұрған уақытын көрсететін сандық және сапалық көрсеткішін көрсететін айлық және тоқсандық есеп дайындаймыз. Берілген тапсырмалардың барлығын дер кезінде орындау үлкен жауапкершілік жүгін жүктейді.  Соған қарамастан жұмысымды өте жақсы көремін.  Тіпті, уақытты кері бұрып, қайтадан мамандық таңдауға мұрсат берсе, осы жұмысымды таңдарым сөзсіз. Мен өзімді басқа салада елестете алмаймын, өйткені теміржолшы мамандығы менің табиғатыма жақын, – дейді 43 жыл темір жолда тер төгіп жүрген майталман маман.  

Әріптестері Меңсұлу Донбаеваның жұмысына жан-тәнімен берілген жан екенін айтады. Кейіпкеріміздің керемет қасиеті қашанда көмек қолын созуға дайын. Әріптестеріне де, салаға жаңадан келген жас мамандарға да мол тәжірибесімен бөлісіп, қолғабыс етіп жүргені Меңсұлудың мерейін үстем етеді.  

 

Жаңалықтар
19.10.2026
Теміржол вокзалдарындағы сары белгі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі
Аймақтар
19.10.2026
Маңғыстау жол дистанциясына – 60 жыл
Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия