Тәжірибелі вагон қараушы апаттың алдын алды

ҚТЖ келбеті
03.05.2024, 10:10
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана вагон пайдалану депосының Қырқыншы станциясындағы, яғни техникалық қызмет көрсету қосынының вагон қараушысы Марат Мезенбеков вагонның бүйір рамасынан күрделі ақау тауып, апаттың алдын алды.

Тәжірибелі вагон қараушы ақауды вагон шаруашылығында бүйір рамасы бойынша ұйымдастырылған төрт айлық кезінде тауып отыр. Ол түнгі ауысымдағы жұмысы кезінде бүйір рамасынан тереңдігі 2 мм, радиусы R-55 болатын сызатты анықтап, тексере келе қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін қауіпті ақау деген қорытынды жасалған. Қырағылығымен қауіптің алдын алған Марат Мезенбековті басшылық «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісіне ұсынды.  

1973 жылы Петропавл өңірінде дүниеге келген Марат теміржолда 2006 жылдан бері еңбек етеді. 2014 жылдан бастап вагон қараушы. Тәжірибеден бөлек түрлі біліктілігін көтеріп, курстарда дәріс алып, бүгінде 6-разрядтағы вагон қараушы-жөндеуші дәрежесіне ие. Соған қарамастан дистанцияда өтетін техникалық сабақтарға қалмай қатысып, білімін жетілдіріп отырады.  

– Вагонның жалпы сыртқы жағдайын көргеннен кейін-ақ ақау болу қаупі баржоғын бағамдай бастайсың. Ескілеу болса, ақау шығу қаупі басым. Сондықтан мұндай кезде екі есе мұқият боласың. Түнгі уақытта фонарь түсіріп қарағанда көзге көрінер-көрінбес жарықты анықтау оңай емес. Жалпы осы жұмысқа келгелі 10 жылдың ішінде 3-4 ақау таптым. Бұрын бұлай жария қылмайтын. Қазір ынталандырып, еңбегіміз жақсы бағаланатын болды. Бір ауысымда 12 вагон қараушы шығамыз, әр вагонды 4 адам қарайды. Біздің кәсібімізде ең бастысы қырағылық, мұқияттылық, тиянақтылық, көздің жақсы көруі мен құлақтың дұрыс естуі де маңызды, – дейді ақау тапқан жігіт.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды