Қауіпті кәсіп иесі

ҚТЖ келбеті
20.09.2024, 09:38
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының Түркістан бөлімшесі жүз шақырымдық аралықтағы электр желісінің күтімін жасайды. Түркістан қаласынан бастап Арыс іргесіндегі Қостүйін елді мекеніне дейінгі аралықта 10 станция және Темір станциясында кезекшілік пункт бар.

Электромеханик Базарбай Дүйсенбаев жиырма жылдан бері күн сайын осы учаске бойын аралайды. Жол жиегіндегі әрбір бағананың бүтіндігі мен түзулігін, жарықшақтың бар-жоғын шолып шығады. Электр желісіндегі тоқты металға өткізбей ұстап тұратын шыны изолятордың бүтіндігі мен жерге қосылатын желінің (заземление) тұтастығына да көз жеткізеді. Егер осы жылдар ішінде жүрген жолын есептесе, бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған шақырымды құрауы мүмкін. Жалпы, теміржол саласында оңай кәсіп жоқ, дегенмен ең қауіпті мамандықтың бірі – осы электр қызметін қамтамасыз етушілер.  

– Бағана басындағы шынылы изолятор сынған жағдайда оны ауыстыру үшін желідегі мыңдаған кВт электр қуатын толық сөндіруге тура келеді. Ал изоляцияны ауыстыруға 15-20 минут қажет. Осы аралықтағы жылжымалы құрам қозғалысы қосымша желідегі қуатпен қамтамасыз етіледі. Алайда, шынылы изоляция әп-сәтте ауыстырылғанымен, оған рұқсат алу мен сол ақау анықталған учаскені электр қуатынан ажырату және қосымша желімен пойыз қозғалысын қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіруге аз уақыт кетпейді. Мұның бәрі де қауіпсіздік үшін мұқият орындалуы тиіс қағидалар, – деп түсіндірді инемен құдық қазғандай қиын да күрделі кәсіп иесі Базарбай Темірқұлұлы.  

Айтуынша, дистанцияға қарасты учаскелерді жаппай шолып шығу шарасы айына бір рет жасалады. Ол кезде әрбір 7-8 шақырымға 2 адамнан бөлініп, жолдың қос қапталындағы бағаналар мен желілер зер салып тексеріліп шығады. Ақау анықталған тұсқа белгі соғылып, дереу қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылады. Осылайша, шалғай аймақтардағы қалыпты әрі қауіпсіз қызметті үйлестіру амалдары ойдағыдай іске асырылып келеді. Тәжірибелі маман осыдан 3 жыл бұрынғы ерекше оқиға туралы айтып берді. 2021 жылдың наурыз айында табиғат тосын мінез танытып, ақ қардың соңы көк мұзға айналған. Сол кезде Отырабат пен Қарақоңыр аралығындағы 40 шақырымға созылған бағаналар жаппай құлап, қозғалысқа қауіп төнген. Бағана басындағы саусақтай ғана сымдар қардың мұзға айналуы салдарынан білектей болып жуандап, желі үзіліп, бағаналар бел ортасынан морт сынған. Яғни 35 миллиметрлік желілер 6,5 сантиметрге дейін жуандаған. Сол кезде салаға жауапты қызметтердің барлығы да шұғыл іске кірісіп, жедел әрекет ету нәтижесінде алдымен бірінші желі қалпына келтіріліпті.  

– Мақсат қалай да қозғалысты қамтамасыз ету болғандықтан, жанталасып жүріп бір желіні іске қостық. Алайда, оның өзі уақытша ғана еді. Содан кейін екінші желіні қалпына келтіріп, уақытша істелген жұмысты қайта нығайтып қалпына келтірдік, – деп еске алады Базарбай Темірқұлұлы сол төтенше жағдайды.  

Алайда, бас-аяғы 40 шақырымдық қос желіні қалпына келтіру жұмысы 4-5 айға созылған. Осы аралықта далалы аймақта тәулік бойы үздіксіз еңбек еткен жұмысшылар бригадасының жатар орны мен ішер асына дейін жеткізіліп беріп отырған. Жергілікті басқару органдарының мамандарымен бірлесе отырып атқарған табанды еңбектің арқасында электр желілері толық әрі сапалы қамтамасыз етілген.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды