Жолдың жайын жолшы білер

ҚТЖ келбеті
27.02.2025, 11:06
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биыл құрылғанына 110 жыл толатын Семей теміржолында кәсіби мамандардың үлкен шоғыры қалыптасқан. Солардың арасында жол саласында 30 жылдан бері табан аудармастан еңбек етіп, мінсіз қызметімен мерейге бөленіп келе жатқан Нұрлыбек Жулупбаев туралы әріптестерінің айтары көп.  

Бүгінде Семей жол дистанциясында жол шебері-жол бригадирі қызметін атқаратын Нұрлыбек Төлеубекұлы дәл осы дистанцияда, осынау околодкада қатардағы жолшы болып еңбек жолын бастапты. Соңғы 20 жыл бойы жол шебері, бригадирі болып еңбек етуде.  

– Нұрлыбекті алғаш жұмысқа қабылданған күннен бастап білемін. Екеуміздің жолымыз түйіскен жылдар көп болды. Нағыз майталман маман деуге лайық азамат. 2007 жылдан бастап аға жұмысшы, жол шебері бола отырып, Семей станциясының солтүстік мойнағының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде. Ол өз қарамағындағы бригадамен бірге магистральдық және қабылдау-жөнелту жолдарындағы 53 бағыттама бұрмаға қызмет көрсетеді. Бұл – біздің дистанция бойынша ең жауапты телім, – дейді бұл орайда әріптесі жайлы пікір білдірген ПЧ-39 мекемесінің директоры, Құрметті теміржолшы Рахат Ботаспаев.

Бір околодкада 30 жыл қызмет істеу осындағы жұмыстарды бүге-шігесіне дейін білуге мүмкіндік беретіні белгілі. Бұл ретте Нұрлыбек Төлеубекұлы уақытпен санаспай қызмет етеді. Жол шаруашылығының қыр-сырын, әдіс-тәсілін толық меңгерген. Дистанциядағы кез келген жұмысты бір өзі атқарып кете беретін әмбебаптығы да бар. Нұрлыбектің әсіресе жол машиналарының «құлағында ойнайтын» өнері барша әріптестерін тәнті етеді.    

– Бүгін түнде станциялық жолдарды қардан тазаладық. СМ-2 қар тазалағыш машинасымен 69-шы, 50-51-ші жолдар ақ ұлпадан аршылды. Бір түнде 500 текше метр болатын қар шығарылды. Биыл өңірімізде қатты аяз болмағанымен қалың қар біршама қиындық  туғызып  тұр, – дейді жол машинасынан түскен Нұрлыбек.

Табиғаты қатаң Семей өңірінде қысқы мезгілдегі жол күтімі оңай шаруа емес. Нұрлыбек бастаған жол бригадасы өз қарамағындағы бағыттамалы бұрмаларды қар мен мұздан уақытылы тазартуымен қатар, кей кездері пневмоүрлегіштер тәулік бойы жұмыс істеп тұрады.    

– Пойыз қозғалысында кедергі туындамауы үшін бұл жұмыстың маңызы зор. ЭЦ автоматика болғандықтан үнемі қозғалыста болуы тиіс. Біздің телім бойынша жүк пойыздарының ағыны көп. Жылжымалы құрамдарды тоқтатпау – басты міндетіміз, – дейді Нұрлыбек Төлеубекұлы. Иә, жолдың жайын жолшы білмегенде кім білсін?!

Адал еңбек, мінсіз қызметі үшін көптеген марапаттар иеленіп, мерейге бөленіп келе жатқан майталман жолшының кейінгі буын жастарға берер үлгісі де, өнегесі де мол. Биылғы жұмысшы жылында Семей магистральдық жел бөлімшесі тәжірибелі жолшының еңбектегі жолын жаңа толқынға үлгі етуде.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда