Шоқпардан шыққан теміржолшы

ҚТЖ келбеті
06.06.2025, 09:52
Елена Колдасбаева

Собственный корреспондент по Алматинской области

Жуырда 70 жылдық мерейтойын қарсы алған сала ардагері Анарбек Рсымбетов табысты еңбек жетістігіне құрылған өткен өмірімен ғана емес, абыройлы атымен, берік отбасымен, теміржолда тапқан әріптес-достарымен де мақтана алады.

Жамбыл облысы Шу ауданындағы шағын разъезде дүниеге келген Анарбек Жаханұлының атасы мен әкесі Алаайғыр разъезінде жолшы болған екен. Бұл жер – Түрксіб құрылысшылары үлкен қиындықпен еңсерген әйгілі Шоқпар асуымен танымал. Шоқпарда орта мектеп бітірген Анарбек екі жыл әскерде болып, келген соң алысқа ұзамай атасы мен әкесінің ізімен Шоқпар жол дистанциясына монтер болып жұмысқа орналасты. Жас жігітке бұл институт алдындағы тәжірибе мектебі болғаны анық, ол жол бойындағы күрделі және ағымдағы жөндеу, жоспарлыескерту жұмыстарына белсене араласып, жолшылардың өзімен бірге алып жүруге тура келетін ауыр құралдарын да қыңқ етпей тасымалдап, күн сайын бірнеше шақырым жаяу жүріп әбден шыңдалады.  

Институтты бітіргеннен кейін Анарбек еш қиналмай бірден Алматы жол дистанциясында алдымен бригадир, кейін жол шебері болып жұмыс істейді. 1985 жылы Бурундай учаскесіне ауысып, жиырмадан астам бағыттамалық бұрмалары бар күрделі учаскеге басшылық етті. Жол шебері Рсымбетов өзінің барлық күш-жігерін, білімін сеніп тапсырылған телімде жолды күтіп ұстау және еңбекті қорғау бойынша үлгілі етуге ұмтылды.  

Арада бірнеше жыл өткен соң Анарбек Жақанұлы Алматы жол басқармасының жол қызметіне шақырылады. Пайдалану бөлімі бастығының орынбасары болып жолдардың жай-күйін тексеру, жөндеу, техникалық құжаттаманы жүргізу, жол өлшеуіш вагондардың жұмысы, т.т. арысы Түркістан, берісі Защитаға дейін шарлап, талай жыл жемісті еңбек етті.  

Ол өзінің тәлімгері Мұңайтпас Мұсаевты жылы лебізбен еске алады. Дәл осы Мұсаев Анарбекті өрт сөндіру қызметіне шақырып, сол салада инспектор болып бастады. Кейін бұл құрылым әскерилендірілген күзеттің бір бөлігі болды, ал қайта құру нәтижесінде ӘТЖК-ден бөлініп, дербес құрылымға айналды. Көптеген жылдар бойы Анарбек Жақанұлы өрт сөндіру қызметінде тер төгіп, алдымен орынбасар болды, ал 2007 жылдан зейнетке шыққанша басқарды.  

«Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, атаулы сағатпен марапатталған кейіпкеріміздің есімі магистральдің Құрмет кітабына енген. Сонымен қатар, «Түрксіб-90», «Қазақстан темір жолына – 120 жыл», «Мойынты-Шу– 70 жыл», т.т. мерейтойлық медальдардың иегері.  

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда