Әке жолын жалғаған ұл

ҚТЖ келбеті
30.07.2025, 12:13
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей темір жолындағы вагон қараушылар арасында пойыз апатының алдын алып, ерлікке пара-пар іс жасаған жігіттер жетерлік. Солардың арасында Семей вагон пайдалану депосының жас буын вагон қараушысы Диас Маметовтің есімін ерекше атауға болады.

Диас осы қызметке он жыл бұрын өз әкесі, дәл осы депода еңбек ететін Құмар Маметовтің шақыруымен келіпті. Осы аралықта аса ауыр апатқа әкеліп соғуы мүмкін екі ақаулықты анықтап, ер атаныпты. Ол тапқан күрделі емес кінәраттар қаншама… Соңғы жолы жүк вагонының арбасындағы жарықшақты тауып алып, жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуінің алдын алды. Ақауы бар вагон дереу ағытылып, жөндеуге жіберілді. Тексерулер қорытындысында дәлелденгендей, егер ақаулық дер кезінде еленбей өтіп кеткенде үлкен шығын болатын ауыр апаттың орын алуы әбден ықтимал еді.  

– Келіп тоқтаған вагондарды тексеру барысында аса мұқият болу керек. Балға мен қатар ұлғайтқыш әйнек, фонарьды да қолдан тастауға болмайды. Нұсқаулыққа сәйкес әрекет етудің түбі берекет, – дейді бұл ретте Диас Құмарұлы.

Сөзге жоқ, іске бекем Диас әлеуметтік желілерге тіркемеген екен. Жұмыстың қара нары. Бүгінде Семей техникалық қызмет көрсету бекетінің тақ паркінің солтүстік қосынында еңбек етеді. Әр кезекшілікте тәулігіне 15-17 жылжымалы құрамды толыққанды тексеріп, алыс жолға шығаратын кездері аз болмайды. Десе де, Диас пен оның әріптестері үшін мазасыз маусым енді басталады. Күз айларынан бастап бөлімше бойынша көмір тасымалы күрт артатын болады. Демек қырағылықты да арттыру қажет.  

Жүрек қалауымен келген осынау қызмет барысында вагон шаруашылығының саңлақтары Ерзат Хасенов, Дәурен Ақатаев, Дайырбек Досановтардың тәлімін көріп, тәжірибесін бойына сіңіріпті. Қызмет барысында үлгі тұтатын ұстаздары көп. Үнемі үйренсем, меңгерсем деген ой өз кәсібіне адал, ізденімпаз жасты тұрақты түрде білім шыңдауға жетелейді екен.

Әйтсе де, Диас үшін адастырмас бағдар осынау қызметте, вагон шаруашылығында елеулі жылдар бойы еңбек етіп, жуырда ғана зейнеткерлікке шыққан өз әкесі Құмардың көрсетіп беріп кеткен тағылымы. Әлі де ақыл-кеңесін сұрап тұрады. Үнемі ізденуден жалықпайды. Бөлімше көлемінде өтетін барлық семинарлар мен техникалық дәрістердің ешбірін жіберген емес. Республика көлемінде вагон шаруашылығы саласындағы орын алған соңғы жаңалықтардан да жақсы хабардар. Ал бос уақытында спортты серік етеді. Әсіресе футбол  ойынын ерекше жақсы көреді. Бөлімше көлемінде өткізілген көптеген сайыстарға қатысып, тартысты додаларда өз командасын алға сүйреп жүр.    

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды