Таңдауы оның теміржол

ҚТЖ келбеті
25.10.2019, 12:23
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өмір бойы бір салада еңбек ету дегенді әркім әртүрлі түсінері хақ. Бірі қиындығын айтса, бірі абыройын алға тартар. Десе де, бір орында үздіксіз ондаған жылдар тапжылмай еңбек ету үшін – сол саланы, сол кәсіпті, сол мамандықты шын сүйіп, құлай берілуің керек шығар. Біздің кейіпкеріміз – Саламат Байболатов 35 жыл бойына Мақат локомотив пайдалану депосында тепловоз машинисі болып үздіксіз еңбек етіп келеді.

Станция бойында туған әкесі де, шешесі де теміржолшы болғандықтан Саламат қайда барсын, әу бастан машинист болуды армандапты. «Мен 1964 жылы 16 қазанда дүниеге келдім. 1981 жылы қазіргі теміржолшы Еңбек Ері Латип Шахатов атындағы орта мектепті бітірген соң Гурьев теміржол техникумына оқуға түсіп, «тепловоз шаруашылығы» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Техникум директоры Жұмаханов Болаттың қолынан куәлік алғаным әлі есімде. Тепловоз бойынша ұстазым Асан Қалибеков, топ жетекшісі Марфуға апай еді, оларды ұмытуға бола ма?! «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, сол кісілерден алған білім, тәлім өнеге өмір бойына азық болып келеді...» деп еске алады Саламат сонау студенттік шағын. Бірге оқыған курстастарын да ұмытпапты. Староста болған Сайын Әбдіров, Нұрасыл Абдуғалиев, Құттыбай Ахметжанов, Мақсот Нәкесовтардың әрқайсысы бүгінде теміржолдың әр қиырында еңбек етіп жүр екен. Техникумды бітірген соң Саламат отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Украинаның Харьков қаласында әскери қызметте болып, 1986 жылы елге оралған соң Мақат локомотив пайдалану депосына жұмысқа келеді. Сол кездегі директор Амантай Сәрсенбаев пен кадр бөлімі бастығы Тілімғали Қобыланов оны ТО-2 цехына ауысым шебері етіп жібереді. Тепловозды жөндеу, күтіп-ұстаудың қыр-сырын меңгергенше 3-4 жыл өтеді. Тек 1990 жылы машинист көмекшісі қызметіне ауысады. Атыраудағы Жол техникалық мектебінен дәріс алып, машинист куәлігіне ие болады. «Алғашқы машинистнұсқаушым Алдияров Досқайыр ағам болды. Өз ісін жетік білетін нағыз майталман машинист еді. Одан көп нәрсе үйрендім. Ол ағалардың еңбегі еш кетпеді, аттарына кір келтірмеуге тырыстық» дейді Саламат. 1997 жылы 3-ші, 2001 жылы 2-класты машинист куәлігін алған кейіпкеріміз 2007-2008 жылдары №4 колонна сапында машинист-нұсқаушы қызметін атқарыпты. – Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын. Ия, жұмыс қиын, күрделі, жауапкершілігі зор. Әйтсе де, таңдауым осы теміржол, тепловоз машинисі болды. 2001 жылы «Менің Қазақстаным» атты пойыз келді, сонда Роза Рымбаева, Марат Омаров, Қадірбек Демесінов, тағы басқа өнер адамдары мінген пойызды Сағыздан Мақатқа дейін алып бардым. Қасымда көмекшім Асылан Алибаев, машинист нұсқаушы Арыстан Шыныбеков болды. 2005 жылы ауданымызға «Отан» пойызы келіп, оны да мен жүргізіп келдім. Ол мәртебе емей немене?! – деп ағынан жарылады Саламат аға. Үнемі ізденісте жүретін машинист 20052008 жылдар аралығында Алматы Темір жол институтын локомотив шаруашылығы бойынша сырттай оқып-бітіріп, инженер-механик мамандығын алыпты. 2010 жылы маневр локомотивіне ауысып, бүгінде еңбек жолын сонда жалғастыруда. 2016 жылы ҚТЖ басшылығы ұйғарымымен «9269» тепловозға Социалистік Еңбек Ері, Мақат ауданының Құрметті азаматы Латип Шахатовтың есімі берілген болатын. Міне, сол тепловоз қазір Саламат ағаның тізгінінде. 2018 жылы Саламат Исаұлы «Үздік маман» медалімен марапатталды. Зайыбы Юлия да теміржолшы, Мақат станциясында жүк қабылдапжөнелтуші. Екеуі екі қыз өсіріп жеткізіп, бүгінде олардан немере сүйіп отырған жайы бар.   

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды