Оралман емеспіз, өз отанымызға келдік

ҚТЖ келбеті
15.11.2019, 11:11
Елена Колдасбаева

Собственный корреспондент по Алматинской области

Шамалған станциясындағы теміржолшылардың дені Қырғызстан, Қарақалпақстан, Монғолия мен Өзбекстаннан қоныс аударғандар, олардың барлығы ертеректе тарихи отанына оралғандар. Олардың бәрі өз отанында, қазақ жерінде еңбек етіп, отбасын құрып, баспаналы болып, бала-шаға өсіріп отырғандарына риза.

Солардың бірі теміржол көлігінде 40 жылдан астам жұмыс өтілі бар Құралбай Сарқұлов – станция кезекшісі. Құралбай Нүкістен келген, онда еңбек жолын бағыттаушы болып бастап, пойыз диспетчері, Найманкөл және Ходжелі станцияларының бастығына дейін өскен сауатты да тәжірибелі теміржолшы. Қазақстанға қоныс аударғанда ол оңтүстік астана іргесіндегі Шамалған станциясын таңдады. Мұнда келген соң да үйренген сүйікті кәсібін жалғастырып, абыроймен еңбек етуде. Станция басшылығы да тәжірибелі теміржолшыны қуана жұмысқа қабылдап, күні бүгінге дейін жұмысына берілген өте жауапты жанның қызметіне бірде-бір сын айтқан емес.

– Менің бар өмірім болат жолмен байланысты, ешқашан атақ-даңқ қуған емеспін, тек өзіме ұнайтын, жаным қалаған жұмысымды адал атқаруға тырысамын. Біз алдымыз сонау 90-шы жылдары келіп қоныстанып, осында сіңісіп кеттік. Кезінде талай қиыншылықпен бетпе-бет келгенімізді де жасырмаймын. Мен жалпы тарихи отанына оралған қандастарды оралман дегенге қарсымын. Біз оралман емес, өз отанымызға, ата-бабамыздың ата қонысына келдік. Олардың қай-қайсы да бүгін атамекенде еңбек етіп, Қазақстанның дамуы үшін тер төгіп жүргендеріне қуанады, – дейді Құралбай.

Құралбайдың өзі теміржолшылар отбасынан шыққан, ал бүгінде оның ұлдары да өз жолымен болат жолдың қыр-сырын меңгеруде. Жұмыс тәжірибесі мол Құралбай жас мамандар арасында еңбек және технологиялық тәртіпті нығайтуға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Оларға білгенін үйретеді.

«Барлық қызметтер – вагоншылар, жолшылар, энергетиктер, байланысшылар, тағы басқа темір жол деп аталатын бір үлкен тізбектің буыны. Энергетиктер құрылғылардың сенімділігіне, ал вагоншылар болса құрамдардың қауіпсіздігіне, жолшылар жолға жауапты, ал қозғалыс, әрине, станция кезекшісінің бақылауында. Тасымалдардың нақты және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету үшін осы салалардың бәрі бірге қимылдап, жұмысты оңтайлы ұйымдастырулары қажет. Ал қозғалыс қызметі үшін ең бастысы дер кезінде шапшаң да дұрыс шешім қабылдай білу» деп айтудан жалыққан емес.

Өйткені, осының бәрі – Құралбайдың бүкіл еңбек жолында ұстанып келе жатқан қағидалары. Олар мұны ешқашан қапы қалдырған емес.

Шамалғанның станция бойынша кезекшісі Құралбай Сарқұлов бірнеше рет басшылықтың алғыс хаттарымен марапатталған. 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда