Мұхаметжан Тынышпаев рухына тағзым
ҚТЖ келбеті
31.05.2021, 11:25
12 мамыр қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері Мұхаметжан Тынышпаевтың туған күні. Алматыда Алашорда қозғалысы көсемдерінің бірі болған қайраткерді еске алу шарасы өтті.
М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясында өткен шараға қатысушылар Тынышпаев ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етті. Сонау Америкадан арнайы келген ұлы Дәулет Шейх-Али Тынышпаевпен кездесу өтіп, алаштың арда азаматының өмірі мен өлмес мұрасы жайлы естеліктер айтылды. Тынышпаевтың аты Түрксіб темір жолының құрылысымен қатар аталады. Оның себебі де жоқ емес, қазақ даласына өткен ғасырдың отызыншы жылдары тартылған шойын жол құрылысында оны жобалаушы авторлардың бірі Тынышпаевтың еңбегі ерен. Әуел баста жобаланғандай, Қордай емес Шоқпар вариантын таңдау арқылы ұлы құрылыстың мерзімінен бір жыл ерте бітіп, 25 млн рубль үнемделгені – дәлелденген шындық.
Бүгінгі Алматы-1 вокзалының орнын таңдауда да Тынышпаевтың жобасы жүзеге асқан. Бұдан бөлек, Түрксіб – құрылыстың инеженерлік инфрақұрылымдық нысандарын жобалау мен орналастыруда өлшеусіз еңбек сіңірген алаштың арда ұлының халқына қалдырған ескерткіші сынды.
«Әкем менің инженер болғанымды қалады, бала кезден анам сәт сайын құлағыма құйып отырған осы аманатты мен орындап шықтым», – дейді мұнай-газ саласында үлкен жетістікке жеткен белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Али.
Академияда өткен басқосуда Тынышпаевтың бүгінгі ізбасарлары, инженерлік технология саласына еңбегі сіңген бір топ ғалымды марапаттау рәсімі де өтті.
– Қазақтың тұңғыш теміржол инженерінің есімін ұлықтау шаралары жалғасып жатыр. Жуырда жаңа документальді фильм түсіру жұмыстары басталды. Биылғы 142 жылдығына орай туған жерінде мұражай, ескерткіш ашылады деп күтілуде. Жасы тоқсанға келген Дәулет ағамыз бүгінде Америкада тұрады, пандемияға қарамастан екі рет вакцинасын алып, осы сапарға ерте көтемнен дайындалып, міне, бүгін ортамызға аман-есен жетіп отыр, туған топырағында әке рухына тағзым етуді өзінің азаматтық борышы санайды, – дейді Тынышпаевтың жиен немересі Нұршакен Жүнісқызы.
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады