Қандыағашта қос вагон қараушысы апаттың алдын алды

ҚТЖ келбеті
16.06.2021, 19:46
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш вагон пайдалану депосының қос вагон қараушысы апаттың алдын алды. Өте күрделі ақауға жататын дөңгелек дискісіне түскен сызат уақытында анықталып, вагон қараушылардың жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігі жоғары бағаланды. Қандыағаш станциясының вагон қараушылары Серік Нұранов пен Алматжан Аманжолов станцияға тоқтаған жүк пойызына техникалық тексеру жүргізу кезінде ақауды анықтаған. Вагон жеке компанияға тиесілі. Сызат түскен дөңгелектер 1990 жылы жасалған. Қазіргі уақытта ақау анықталған компанияның басқа вагондарына да тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ал қауіпті ақауды анықтаған тәжірибелі теміржолшылар марапатқа ұсынылды. Серік Нұранов Қандыағаш вагон пайдалану депосында 28 жылдан бері еңбек етеді. Ол еңбек жолын жылжымалы құрамды жөндеуші слесарь болып бастаған. 2006 жылдан бастап техникалық қызмет көрсету бекетінде вагон қараушы-жөндеуші. Алматжан Аманжолов та салада 30 жылдан аса еңбек етеді. Жұмысын мойынтіректі жөндеу бойынша токарь болып бастап, кейін вагон қараушы-жөндеуші болып ауысқан. Қос теміржолшы да қол жеткізген жетістіктерін мақтаныш санамайды. Күнделікті жұмысымыз, міндетіміз деп біледі. «Компанияны шығынға ұшыратпай, апаттың алдын алуға үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Кез келген үлкен жетістіктің артында адам тұрады. Сондықтан әр теміржолшы темірдей тәртіпке бағынады. Қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау – міндетіміз», – дейді вагон қараушы Серік Нұранов. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ Қандыағаш вагон пайдалану депосы басшысының орынбасары Сәбит Наштаев техникалық қызмет көрсету бекетіндегі әрбір теміржолшының жауапкершілігі жоғары екенін айтты. «Ақау тіркелген вагонның жүк пойызы екенін ескерсек, екі вагон қараушымыздың жұмысы ерлікпен бірдей. Себебі бір вагоннан кеткен ақау толық құрамға зиянын келтіруі мүмкін еді. Қызметтерін жауапкершілікпен атқарып, қырағылық танытқан қос жігітімізді марапатқа ұсындық», – дейді Сәбит Наштаев. Қандыағаш техникалық қызмет көрсету бекетінде 200-ден аса адам еңбек етеді. Олардың 70 пайызға жуығы тәжірибелі вагон қараушылар. Қандыағаш техникалық бекеті жылжымалы құрамның Сағыз, Ақтөбе, Никельтау, Сексеуілге дейінгі аралықтағы қозғалысына жауап береді. Кластан тыс станция Атырау, Қызылорда, Орал, Қостанай секілді төрт облысқа пойыз жібереді.

«Қауіпсіздік техникасы бұл жай сөз емес. Теміржол саласында бұл күнделікті әдетімізге айналған өмір сүру дағдымыз. Стратегиялық аймақтағы әрбір мүлікті көзіміздің қарашығындай қорғаймыз. Себебі осы жолдан күніге мыңдаған жолаушы, жүк пойыздары өтеді. Жауапкершілік жоғары деңгейде талап етіледі», – дейді С.Наштаев.

Депода вагон қараушылардың білімін арттыру мақсатында техникалық сабақтар тұрақты өтеді. Қазір пандемияға байланысты оффлайн сабақтарға шектеу болса да вагон қараушыларға техникалық сабақтар тоқтаған жоқ. Айына екі рет білім жетілдіру мақсатында арнайы кестемен бекітілген техникалық сабақтар өтіп тұрады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды