Арыстық аға электр механигі «Құрметті теміржолшы» атанды

ҚТЖ келбеті
30.07.2021, 11:43
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының аға электр механигі Дәулетбек Дәрменбековтің бір мекемеде табан аудармай еңбек етіп келе жатқанына 34 жылдан асты. Кейіпкеріміз биылғы төл мереке қарсаңында «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталды. Саланың ең жоғары кәсіби атағына ие болып отырған теміржолшылар әулетінің өкілі өз ісінің нағыз маманы саналады. Вагон қараушы болған әкесі өмірден ерте өткен екен. Балалары түгел әке жолын қуып, теміржол саласында жұмыс істеуде. Дәулетбек те мектеп бітірген соң Арыста бір жылдық курсты оқып, 1987 жылы станциядағы белгі беру және байланыс дистанциясына электр монтері болып жұмысқа кіреді. 2005-2008 жылдары теміржол колледжінен теориялық білім алады. Қазір ол станцияның сұрыптау дөңесінде аға электромеханик болып жұмыс істейді. – Тоғыз жолдың торабы Арысқа теміржол келгелі ғасырдан асты, сондықтан теміржолшы кәсібі кең таралған. Қазақстан ғана емес ТМД бойынша ең ауыр жүктерді ауыстырып тиеу сонау Кеңес кезеңінен бері осы станцияда жүзеге асырылады. Міне, біз де өзіміздің сұрыптау дөңесінде үш бағытта пойыздар жіберу барысында барлық белгі беру құрылғыларының жұмысын қадағалаймыз. Бағыттама бұр- маларының жұмысын бақылауда ұстаймыз. Дөңесте 24 жұмыс- шы бар. Дөңесте пойыздарды сұрыптаған кезде бір белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істемесе, барлық жұмыс тоқтайды. Сондықтан өз қызметімізді өте маңызды деп санаймыз. Әрі мақтан етеміз, – дейді «Құрметті теміржолшы» атанып жатқан Дәулетбек Дәрменбеков. Бүгінде ердің жасы елуге енді келген жігіт ағасы талай жылғы еңбегін елеп жатқан ұлттық компания басшылығына, өзінің тікелей басшыларына алғысын білдіреді. Бес баланың әкесі адал еңбектің бағалануы әр адамның өз ұрпағының алдындағы мерейін өсіріп, мәртебесін көтеретінін жеткізді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды