Өрт сөндіру пойызы ғимараттан шыққан қызыл жалынмен күресті

Қауіпсіздік
17.01.2023, 11:31
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Болашақ станциясындағы өрт сөндіру пойызы биылғы жылдың бірінші жоспарлы оқу-жаттығуын өткізді. Дайындықтарын пысықтап, дағдыларын жетілдіру жұмысы Маңғыстау жол дистанциясының табельдік ғимаратынан шыққан өрт ошағын сөндіруге бағытталды.

Әрине, шын мәнінде алдын ала белгіленген сценарий бойынша тұтанған қызыл жалын нысанның төбе жабындысында пайда болып, соңы өртке ұласты. Оны ауыздықтауға өрт сөндіру пойызынан 9 адам, жалпы барлығы 28 адам қатысты. Үш техника жұмылдырылды. Бірнеше құрылымның жұмыла әрекет етуінің нәтижесінде жоспарлы жаттығу ойдағыдай атқарылды. Бас-аяғы 45 минутқа созылған жаттығу өз дәрежесінде өтті деп бағаланды.  

Өрт сөндіру пойызы өкілдерінің айтуынша, бұл жолы олар ғимаратта шыққан өртті өшірген болса, келесіде нысана басқа болуы мүмкін. Себебі жылына жоспарлы түрде төрт рет өтетін оқу-жаттығудың бірі-бірін қайталамайтындай ұйымдастырылады екен. Мысалы, бірінші тоқсанда ғимараттан өрт шықса, екіншіде дала өртін сөндіріп, үшіншіде тілсіз жау жолаушылар пойызында тұтануы мүмкін.  

– Болашақ өрт сөндіру пойызы 2012 жылы құрылды. Содан бері айына өрт сөндіру пойызымен 8 рет, өрт сөндіру автокөлігі бойынша 16 рет техникалық-тәжірибелік сабақтар өткіземіз. Соған қоса жылына 4 рет осындай оқу-жаттығу жұмыстары өтеді. Оның бәрі өз уақытымен, белгіленген көрсеткіштер бойынша ұйымдастырылады. Жаттығу – дайындық сабағы, әрқашан формада болуды қамтамасыз ететін басты көрсеткіш, – дейді Болашақ өрт сөндіру пойызының өрт жеңдерін жөндеу шебері Ерболат Бытыков.  

Болашақ өрт сөндіру пойызында бүгінгі таңда 10 адам еңбек етеді. Мекеме меншігінде бір «Камаз» автокөлігі мен бір өрт сөндіру пойызы бар. Автокөлік 8 тонна су, 400 келі көбікпен, ал пойыз болса 100 тонна су, 10 мың тонна көбікпен қамтылған.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті