Қауіпсіздік – бала көзімен...

Қауіпсіздік
28.04.2023, 12:47
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін биыл Сыр бойы теміржолшылары өзгеше форматта өткізуді қолға алып, арнайы шаралар легін бастап кетті. Алғашқы шара теміржолшылардың балалары арасында өткен байқаудан басталды.

Еңбек қорғау және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Ғалия Көпжасарова мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаевтардың ұйымдастыруымен Қызылорда станциясының техникалық кабинетінде өткен байқау тақырыбы – қауіпсіздік. Оған 7-14 жас арасындағы бүлдіршіндер қатыстырылды. Бір сағат уақыт ішінде балалар А4 және А3 форматындағы қағазға қарындашпен, бояу қаламмен, акварельмен, гуашпен, фломастермен және өзге де сурет салу құралдарымен «қауіпсіздік, еңбек қорғау» тақырыбында сурет салып, сайысқа түсті.  

Жарыс басталар алдында кәсіподақ ұйымының төрағасы балаларға конкурстың шарттарын түсіндіріп, сәттілік тіледі.  

– Құрметті балалар, сендердің ата-аналарың теміржолдың әр саласында еңбек етеді. Біреуіңнің папаң тепловоз айдаса, біреуіңнің папаң вагондар құрастырып құрамды жасақтайды. Жұмыс кезінде ата-аналарыңның қауіпсіздігі маңызды, олар қолын жарақаттап алмау үшін қолына қолғап, басын қорғау үшін каска, аяғына арнайы аяқ киім киіп, техникалық қауіпсіздік талаптарына сай жұмыс істейді.Темір жол – қауіпті сала, онсыз болмайды. Бүгін сендер ата-аналарыңның жұмысын, қауіпсіздік, еңбек қорғау тақырыбында ақ қағазға бедерлеп сурет саласыңдар, – деп кәсіподақ төрағасы Мұхтар Көпірбаев бала тілімен конкурс шарттарын түсіндірді.  

Алдын ала сурет салу құралдарын сайлап келген бүлдіршіндер уақыт белгіленген бойы бастап кетті. Кәнігі суретшілер секілді бояуларын сайлап қаламдарын ұштап іске кіріскен балалардың дені белгіленген уақыт шеңберінде суреттерін қазылар алқасына тапсырды.  

Сайыстың сарапшылары Ғалия Көпжасарова, Мұхтар Көпірбаев, Бауыржан Ахметов және Динара Оразалиеваларға баланың ұшқыр қиялымен салынған суреттерді таңдау оңай бола қойған жоқ. Жас ерекшеліктері ескеріліп 7-8 жасар ағайынды Ақылбек, Абай Бөгенбайлар және Айша Өткелбайдың туындылары бір топта сарапқа түссе, 9-11 жастағы Камила Талғатқызы, Айсезім Сейтжан, Шынар Ұзақбаева және Дилназ Сабировалардың суреттері бір топта сараланып, олардың барлығына жүлделі орындар беріліп, бағалы сыйлықтар тапсырылды. Ең кішкентай суретші 5 жасар Аяна Алтынбекқызына да арнайы сыйлық берілді.  

– Біз қаладағы 267-мектепте оқимыз. Көркем еңбек сабағында сурет салып үйренеміз. Атамыз Бөгенбай машинист болған, ал әке-шешеміз Белкөл станциясында теміржолшы. Конкурсқа қатысып алған сыйлығымыз өзімізге ұнады, – деді мәз болған ағалы-інілі Ақылбек пен Абай.  

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты