Қауіпсіздік тақырыбына арналған семинар

Қауіпсіздік
26.12.2023, 10:05
Оқуға 1 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясы басшылығының қатысуымен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі базасында онлайн-семинар өтті.  

«Жұмыс орнындағы қауіпсіздікке ұжымдық жауапкершілік – жұмысты табысты орындаудың кепілі» тақырыбында өндірістік қауіпсіздік бойынша өткен жиынды ашқан Дирекцияның бас инженері Қайырбай Орынбаев семинардың бағдарламасымен таныстырып өтті. Жамбыл НЖС Қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметінің жетекші инженері Әбжами Көбейсін «Қауіпсіздік минуты» бойынша кеңсе-менеджеріне арналған еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқамамен таныстырды. Әрі қарай Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Дәулетбек Жолдасбаев бөлімшенің еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша ағымдағы жылдың 11 айындағы жұмысына талдау жасады.  

«Семинардың мақсаты – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың барлық мәселелері бойынша, жаңа заңнамалық және жергілікті актілерді енгізу, Компания басшылығы мен магистральдық желі дирекциясының талаптары туралы ақпарат беру. Темір жол көлігіндегі еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – әртүрлі кәсіптегі жұмыскерлер еңбек процесі кезінде ұшырайтын тәуекелдерді басқаруды үйрену», – деп атап өтті Дәулетбек Жолдасбаев өз сөзінде.  

Семинар барысында өндірістік бақылау, ҚР Еңбек Кодексінің нормалары мен талаптары, темір жол көлігіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері таныстырылды.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті