2025 жылғы 22 қазанда сағат 16.27-де Астана – Ерейментау учаскесінің Едіге – Ерейментау аралығында жолаушылар пойызының машинисі 108 км/сағ жылдамдықпен келе жатып реттелетін, қорғалмайтын теміржол өткелінде шұғыл тежеуді қолданды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Себебі қозғалыстағы құрамның алдында үш жеңіл автокөліктің кенеттен жолға шығып кетуі болды. Локомотив бригадасының кәсіби және жедел әрекеті арқасында соқтығысудың алды алынды.
Жол ережесін бұзғандар оқиға орнынан қашып кетті. Пойыз маршрут бойынша 7 минутқа кешігіп жүрісін жалғастырды. Жол ережесін бұзу туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.