Жолдағы жауапкершілік: Әр азамат нені білуі тиіс?

Қауіпсіздік
20.01.2026, 08:29
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Пойызда қанша жолаушы болса, сонша тағдыр бар. Олар сапар барысында түрлі қызықты және келеңсіз оқиғаларды туындатуы мүмкін. Мұндайда іске желілік полиция қызметкерлері араласатын да жайттар кездеседі.

Сайөтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Нұрлыбек Рахметовтің айтуынша, жақында желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жолаушы пойыздарын аралап, заң мен тәртіп қағидасына орай кезекті профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

– Заңдылық пен тәртіп кез келген жерде сақталуы шарт. Сондықтан біздің бұл іс-шарамыздың басты мақсаты құқықтық сананы қалыптастырып, полицияға сенімді арттыруға бағытталды. Әр азамат қай жерде болмасын өзіне және қоғамның басқа мүшелеріне қолайлы жағдай жасау үшін өз жауапкершілігін сезініп, заңды сақтауы тиіс. Профилактикалық жұмыстар барысында пойыздағы жолаушыларға осы бағытта түсінік беріліп, жолда жүру тәртібін бұзбауы, қоғамдық орында өзін лайықты деңгейде ұстап, жанындағы адамдардың тыныштығына кедергі келтірмеуі, өзінің құнды заттарына сақ болуы керектігі сияқты ережелер ескертілді. Жолда жүру тәртібін бұзып, қоғамдық орында ішімдік ішіп мас болып жүргені үшін 4 адамға, түнгі мезгілде жолаушылардың тыныштығын бұзғаны үшін тағы 2 жолаушыға әкімшілік хаттама толтырылып, пойыз бастығының актісімен пойыздан түсірілді, – дейді Нұрлыбек Рахметов.  

Желілік полиция жұмысының қызығы да, шыжығы да жетеді. Біреу әмиянын немесе ұялы телефонын жоғалтып, сөмкелерін ұмытып кетіп, ауыстырып кетіп хабарласады.  

– Бірде үйіндегілерге айтпай жолға шыққан денсаулығы нашар қарияны кездестірдік. Ауруы асқынып, жолаушыларға кедергі келтіргесін қарт кісіні әрі қарай қызметтік көлігімізбен жеткіздік. Баласын іздеп тауып, әкесін тапсырдық. Әр күніміз осылай, түрлі жағдайдың ортасында өтеді. Ең бастысы жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қызмет етудеміз, – дейді Сайөтес желілік полиция бөлімшесінің бастығы Нұрлыбек Рахметов.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды