Жамбылдағы жаңа мұражай көне жәдігерлермен толығуда (ФОТО)

Темір жол тарихы
19.01.2022, 11:59
Асхат Райқұл

Тараз қаласындағы ерекше мәдени нысандардың бірі – Жамбыл Жүк тасымалы бөлімшесінің музейі. Үш жылға жуық уақыт бұрын іргесі қаланып, салтанатты жағдайда ашылғанын қуана сүйіншілегеніміз де естен шыға қоймаған болар. Өңірдегі теміржол саласы басшылығының қолдау білдіріп, жанашырлық танытуының арқасында музей сөрелерін құнды жәдігерлермен жасақтау, жабдықтау жұмыстары рет-ретімен жүйесін тапқан. Мамандар мұндай шаруалардың әлі де жалғасып келе жатқанын айтады.

Мәдени нысанды ашып, көпшіліктің игілігіне ұсыну жолында көл-көсір еңбек атқарылды. Әсіресе ардагерлердің еңбегі ерекше. Ал музей жәдігерлерінің оңайшылықпен жиналмағаны аян. Тарихи деректерді ақтару, көне дүниелерді жинақтап, маңызын, салмағын саралау, олардың бәрін тізімдеу оңай жұмыс емесі анық.

Музейдің кіреберістегі оң жағында мәрмәр тасқа «Мұражай 2019 жылдың 25 сәуірінде Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшалов Сағынбек Әділбекұлы және Жамбыл филиалы кәсіподақ төрағасы Сәменов Жұман Тұрғынбайұылының бастамасымен ашылды» деп кирилл және латын графикасы әріптерімен жазылыпты. Мұны осы орталықты ашуға атсалысқан азаматтардың аға буынға деген құрметі деп білдік.

Музейге енгенде ең алдымен көзге түсетіні және бірден өзіне тартатыны  – сонау Түрксіб магистралінің құрылысы кезінен сақталған көне заттар. Сол заманда түсірілген фотосуреттер де құндылығымен көз тартады. Әсіресе, 1937 жылы Түрксіб теміржол басқармасы басшылығынан теміржолшы Миржали Оңласыновқа берілген «Паровоз слесарі» деген куәліктің түпнұсқасы бірден назар аудартады. Сарғыш тартқан құжат сол уақыттың талай сырын бүгіп жатқаны анық. Сонымен қатар Түркістан-Сібір темір жол басқармасы қызметкерінің жұмыс үстелі және ондағы кызыл жұлдыз, Ленинград зауыттарының электротехникалық трестінде 1937 жылы шығарылған телефон аппараты, сол замандағы патефон, көне кирка, наладка, жол жұмысшысының қайласы мен балғасы, шеге сүймен сынды құрал-саймандар да тоқсан жылдық тарихтың жәдігері ретінде еріксіз назар аударады.

Осы қатардағы 1887, 1888, 1907, 1916 жылдары шығарылған рельстер – теміржол саласының бірегей экспонаттары. Ал осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын жолшылар пайдаланған болат-темірлерді көтергіш күрек уақытпен бірге техниканың да дамығандығын айғақтайды. Жол төсегіш бүгінгі қондырғылар мен бұл жәдігердің арасында бұл сала қаншама өркендеу мен өрлеуді бастан кешірді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан теміржолшылар бұрышы да жәдігерге бай. Бұл мүйістен кеңес әскерлеріне тән дүниелер мен теміржолшы майдангерлердің каскасы, сағаты, котелогы мен фляжкасы, майдан сөмкесі, темекі тартуға арналған түтікше, оттық, противогаз сияқты әскери және тұрмыстық бұйымдар зұлмат жылдардың естеліктерін шертіп тұрғандай. Сондай-ақ Сталинград, Ленинград, Минск, Одесса, Керчь, Брест қамалы, Новороссийск, Севастополь, Мурманск, Мәскеу, Тула қалаларынан, Дубосеково разъезінен әкелінген топырақтар да музейдің экспонаттар сөресінен орын алыпты.

1992, 1995 жылдары электрленген Жамбыл-Түлкібас және Шу-Луговое учаскелерінің пайдалануға берілуі кезінде тапсырылған символикалық кілттер де отыз жылға тарта уақыт бұрынғы тарихи оқиғаны ойға оралтады.

«Бұл музейді өткенге тағзым, келешекке тағылым деп бағалаған абзал. Өйткені, біз мәдени нысанды жасақтаған кезде теміржол саласына қатысты жәдігерлермен, құнды дүниелермен, фотосуреттермен, құжаттармен бірге жамбылдық құрметті теміржолшыларды естен шығарған жоқпыз. Осында басшылық еткен азаматтардың да фотосуреттерін төрімізге ілдік. Бүгінгі буын олардың есімдерін ұмытпай, біліп жүруі тиіс. Бұл шаңырақ Түрксіб заманынан бүгінге дейінгі уақытта өңірлік теміржолшы саласының жолынан, тыныс-тіршілігінен хабар беріп тұрса деген мақсатымыз болды. Сол үдеден шыға алдық па, жоқ па, оны көпшілік  бағалар», – дейді жергілікті теміржолшылар. 


Асхат РАЙҚҰЛ

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн